Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Бәсекелестiк туралы
60-бап. Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының бұзылуын тергеуге қатысушы тұлғалар



Ст. 60 Бәсекелестiк туралы 2008 жылғы 25 желтоқсандағы N 112-IV




1. Мыналар:

1) өтініш беруші - Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының бұзылуы туралы мәліметтерді монополияға қарсы органға жіберген жеке немесе заңды тұлға;

2) тергеу объектісі - өзінің іс-әрекетіне қатысты тергеу жүргізілетін жеке немесе заңды тұлға. Аталған тұлғалар тергеу жүргізу туралы бұйрық шығарылған кезден бастап тергеу объектісі болып танылады;

3) мүдделі тұлғалар - Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының бұзылуы туралы істі қарауға байланысты құқықтары мен заңды мүдделері қозғалатын жеке немесе заңды тұлғалар;

4) монополияға қарсы органның лауазымды адамы - монополияға қарсы органның тергеу жүргізуге уәкілетті қызметкері;

5) куә - тергеу үшін маңызы бар қандай да бір мән-жайлар өзіне белгілі болуы мүмкін кез келген жеке тұлға;

6) сарапшы - арнайы ғылыми немесе практикалық білімі бар, іске қатысуға мүдделі емес жеке тұлға Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының бұзылуын тергеуге қатысушы тұлғалар болып табылады.

2. Тергеу жүргізу кезінде іске қатысушы тұлғалар өз құқықтары мен міндеттерін өзі немесе өкілі арқылы жүзеге асыруға құқылы.

3. Егер тергеу барысында тергеу объектісінің емес, өзге тұлғаның іс-әрекетінде (әрекетсіздігінде) Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасын бұзу белгілері бар екендігі анықталса, монополияға қарсы орган мұндай тұлғаны осы Заңның 58-бабында көзделген тәртіппен тергеу объектісі ретінде тартады.


Статья 1 ...58 59 60 61 62 ...81 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Бәсекелестiк туралы 2008 жылғы 25 желтоқсандағы N 112-IV 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 60-бап Бәсекелестiк туралы 2008 жылғы 25 желтоқсандағы N 112-IV