Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Бәсекелестiк туралы

Бәсекелестiк туралы
69-бап. Монополияға қарсы ден қою шаралары



Ст. 69 Бәсекелестiк туралы 2008 жылғы 25 желтоқсандағы N 112-IV



1. Монополияға қарсы орган белгіленген өкілеттіктеріне сәйкес:

1) нарық субъектілеріне нұсқамалар, оның ішінде:

осы Заңды бұзуды тоқтату және (немесе) олардың салдарын жою;

бастапқы жағдайды қалпына келтіру;

осы Заңға қайшы келетін шарттарды бұзу немесе өзгерту;

егер белгілі бір сатушылармен (өнім берушілермен) не сатып алушылармен шарт жасасудан негізсіз бас тарту не жалтару бұзушылық болып табылса, нарықтың басқа субъектісімен шарт жасасу;

осы Заңның бұзылуына жол бермеу туралы орындалуы мiндеттi нұсқамалар беруге;

2) мемлекеттік органдарға, жергілікті атқарушы органдарға өздері қабылдаған актілердің күшін жою немесе оларды өзгерту туралы, бұзушылықтарды тоқтату, сондай-ақ өздері жасаған, осы Заңға қайшы келетін келісімдерді бұзу немесе өзгерту туралы орындалуға міндетті нұсқамалар беруге;

3) бәсекелестікті қорғау және монополистік қызметті шектеу саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген тәртіппен әкімшілік жазалар қолдануға;

4) сотқа талап қойып және өтінішпен жүгінуге, сондай-ақ соттар Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының қолданылуы мен бұзылуына байланысты істерді қараған кезде процестерге қатысуға құқылы.

2. Осы Заң бұзылған жағдайда нарық субъектілері, мемлекеттік органдар, жергілікті атқарушы органдар:

1) монополияға қарсы органның нұсқамаларына сәйкес бұзушылықтарды тоқтатуға және оның салдарын жоюға, бастапқы жағдайды қалпына келтіруге, шартты бұзуға, нарықтың басқа субъектісімен шарт жасасуға немесе оған өзгерістер енгізуге, монополияға қарсы орган Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасына сәйкес келмейді деп таныған актінің күшін жоюға, нұсқамада көзделген өзге де іс-әрекеттерді орындауға;

2) келтірілген залалды Қазақстан Республикасының азаматтық   заңнамасына сәйкес өтеуге;

3) монополияға қарсы органның Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген тәртіппен әкімшілік жаза қолдану туралы қаулысын орындауға міндетті.

3. Нұсқама монополияға қарсы орган белгілеген ақылға қонымды мерзімде орындалуға жатады. Монополияға қарсы орган берілген нұсқамалардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады.

Нұсқама орындалмаған жағдайда, монополияға қарсы орган нарық субъектісін, мемлекеттік органды монополияға қарсы органның нұсқамасын орындауға мәжбүрлеу туралы талап қойып сотқа жүгінуге құқылы.

 Ескерту. 69-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 06.03.2013 N 81-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 05.05.2015 № 312-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...67 68 69 70 71 ...81 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 69-бап Бәсекелестiк туралы 2008 жылғы 25 желтоқсандағы N 112-IV