Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Конституциялық Кеңесi туралы
14-бап. Конституциялық Кеңес Төрағасының, мүшесiнiң өкiлеттiгiн тоқтата тұру



Ст. 14 Конституциялық Кеңесi туралы 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 2737



1. Конституциялық Кеңес Төрағасының немесе мүшесiнiң өкiлеттiгiн Конституциялық Кеңестiң өтiнiшi бойынша оны тағайындаған адам, мынадай жағдайларда егер ол: 

1) дәлелдi себептерсiз кемiнде қатарынан үш рет Конституциялық Кеңестiң отырыстарына қатыспаса; 

2) денсаулық жағдайына байланысты ұзақ уақыт бойы өз мiндеттерiн орындай алмаса; 

3) заңды күшiне енген сот шешiмi бойынша хабар-ошарсыз жоқ болған деп танылса, тоқтата тұруы мүмкiн. 

2. Конституциялық Кеңес Төрағасының немесе мүшесiнің өкілеттіктері, егер заңда белгіленген тәртіппен оны ұстап алуға, күзетпен ұстауға, үйқамаққа алуға, күштеп әкелуге, әкiмшiлiк немесе қылмыстық жауаптылыққа тартуға, сотта медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану, әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп тану туралы тиісті өтінішхатты қозғауға келiсiм берілген жағдайда да тоқтатыла тұруы мүмкін. 

3. Конституциялық Кеңес Төрағасының немесе мүшесiнiң  өкiлеттiгiн тоқтата тұру туралы шешiм өкiлеттiктi тоқтатуға негiздер байқалған күннен бастап бiр айдан кешiктiрiлмей қабылданады. 

4. Конституциялық Кеңес Төрағасының немесе мүшесiнiң өкiлеттiгi осы өкiлеттiктi тоқтата тұруға негiздер дәйексiз болып қалғанға дейiн тоқтатыла тұрады.

 Ескерту. 14-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 04.07.2014 № 232-V Конституциялық заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).

Статья 1 ...12 13 14 15 16 ...47 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Конституциялық Кеңесi туралы 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 2737 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 14-бап Конституциялық Кеңесi туралы 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 2737