Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Конституциялық Кеңесi туралы
15-бап. Конституциялық Кеңес Төрағасының, мүшесiнiң өкiлеттiгiн тоқтату



Ст. 15 Конституциялық Кеңесi туралы 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 2737



1. Тиiсiнше: 

1) Конституциялық Кеңес Төрағасының өкiлеттiгiн Республика Президентi тоқтатады; 

2) Конституциялық Кеңес мүшесiнiң өкiлеттiгiн оны тағайындаған Қазақстан Республикасының Президенті, Парламент Сенаты, Парламент Мәжілісі тоқтатады. 

2. Конституциялық Кеңес Төрағасының, мүшесiнiң өкiлеттiгi:

1) орнынан түсуi туралы өтiнiшiнiң қанағаттандырылуы; 

2) Жоғарғы Соттың ол жөнiнде заңды күшiне енген айыптау үкiмiнiң болуы; 

3) заңды күшiне енген сот шешiмiмен оның iс-әрекетке қабiлетсiз деп танылуы; 

4) заңды күшiне енген сот шешiмiмен оның өлген деп танылуы; 

5) оның қайтыс болуы; 

6) осы Конституциялық заңның 10-бабының 2-тармағында көзделген шарттардың сақталмауы; 

7) антты бұзуы, Республика Конституциясы мен осы Конституциялық заңның талаптарын орындамауы, оның жоғары мәртебесiмен сыйыспайтын атына кiр келтiретiн қылық жасауы; 

8) Конституция мен осы Конституциялық заңда белгiленген талаптар бұзыла отырып тағайындалуы; 

9) қызметте болуының Конституцияда белгiленген мерзiмiнiң аяқталуы;

10) (алынып тасталды - Қазақстан Республикасының 2008.06.17 N 41-IV Конституциялық заңымен); 

11) саяси мақсаттарды көздейтiн саяси партияға немесе өзге де қоғамдық бiрлестiкке кiруi нәтижесiнде тоқтатылады.

Ескерту. 15-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2008.06.17 N 41-IV Конституциялық заңымен.

Статья 1 ...13 14 15 16 17 ...47 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Конституциялық Кеңесi туралы 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 2737 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 15-бап Конституциялық Кеңесi туралы 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 2737