Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Конституциялық Кеңесi туралы

Конституциялық Кеңесi туралы
17-бап. Конституциялық Кеңестiң құзыретi



Ст. 17 Конституциялық Кеңесi туралы 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 2737



1. Конституциялық Кеңес дау туған жағдайда Конституцияның 72-бабы 1-тармағының 1)-тармақшасына сәйкес: 

1) Республика Президентi сайлауының ; 

2) Парламент депутаттары сайлауының ; 

3) республикалық референдумның дұрыс өткiзiлгендігi туралы мәселенi шешедi. 

2. Конституциялық Кеңес Конституцияның 72-бабы 1-тармағының 2), 2-1), 3) тармақшаларына сәйкес: 

1) Парламент қабылдаған заңдардың Президент қол қойғанға дейін; 

2) Парламент және оның Палаталары қабылдаған қаулылардың; 

3) Республиканың халықаралық шарттарының олар ратификацияланғанға дейін Конституцияға сәйкестігін қарайды. 

3. Конституциялық Кеңес Конституцияның 72-бабы 1-тармағының 4)-5)-тармақшаларына сәйкес:

1) Конституция нормаларына ресми түсiндiрме; 

2) Парламент тиiсiнше республика Президентiн мерзiмiнен бұрын қызметiнен босату туралы шешiм, Республика Президентiн қызметiнен кетiру туралы түпкiлiктi шешiм қабылдағанға дейiн - белгiленген конституциялық рәсiмдердiң сақталуы туралы қорытынды бередi. 

4. Конституциялық Кеңес:

1) егер сот Конституцияның 78-бабына сәйкес қолданылуға жататын заң немесе өзге де нормативтiк құқықтық акт адам мен азаматтың Конституцияда баянды етiлген құқықтары мен бостандықтарына қысым жасайды деп қараса, Конституцияның 72-бабы 2-тармағына сәйкес соттардың актiнi конституциялық емес деп тану туралы өтiнiштерiн қарайды; 

2) Конституцияның 53-бабының 6) тармақшасына сәйкес конституциялық iс жүргiзу практикасын қорыту нәтижелерi бойынша жыл сайын Парламентке Республикадағы конституциялық заңдылықтың жайы туралы жолдау жiбередi.

Ескерту. 17-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2008.06.17 N 41-IV Конституциялық заңымен.

Статья 1 ...15 16 17 18 19 ...47 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 17-бап Конституциялық Кеңесi туралы 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 2737