Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Конституциялық Кеңесi туралы

Конституциялық Кеңесi туралы
19-бап. Конституциялық Кеңес Төрағасының өкiлеттiгi



Ст. 19 Конституциялық Кеңесi туралы 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 2737



1. Конституциялық Кеңестiң Төрағасы: 

1) Конституциялық Кеңес iс жүргiзуге қабылдаған мәселелердi қарауға даярлықты басқарады; 

2) Конституциялық Кеңестiң отырысын шақырады, iс жүргiзуге қабылданған мәселелердi олардың қарауына енгiзедi және Конституциялық Кеңестiң отырыстарында төрағалық етедi; 

3) Конституциялық Кеңес мүшелерiнiң мiндеттерiн бөледi, Конституциялық Кеңес мүшелерi мен оның аппаратының жұмысын ұйымдастырады; 

4) отырыс өткiзудi қамтамасыз ету жөнiндегi шараларды белгiлейдi; 

5) Парламент Палаталарының бiрлескен отырысында Республикадағы конституциялық заңдылықтың жай-күйi туралы Конституциялық Кеңестiң жолдауын жария етедi; 

6) Республика Президентiнiң талап етуi бойынша оған елдегi конституциялық заңдылықтың жайы туралы ақпаратты табыс етедi; 

7) Конституциялық Кеңес отырыстарының шешiмдерi мен хаттамаларына қол қояды; 

8) Конституциялық Кеңестiң бекiтуiне оның регламентiн табыс етедi; 

9) Конституциялық Кеңестiң аппараты туралы Ереженi, бөлiнген бюджет қаражаты шегiнде - Конституциялық Кеңес аппаратының құрылымы мен штат кестесiн бекiтедi; U990029  

10) Конституциялық Кеңес аппараты қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады; 

11) осы Конституциялық заңға және Конституциялық Кеңес регламентiне сәйкес өзге де өкiлеттiктi жүзеге асырады. 

2. Өз құзыретiндегi мәселелер бойынша Конституциялық Кеңестiң Төрағасы бұйрықтар мен өкiмдер шығарады.  
IV ТАРАУ
Конституциялық iс жүргiзу

Статья 1 ...17 18 19 20 21 ...47 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 19-бап Конституциялық Кеңесi туралы 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 2737