Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Конституциялық Кеңесi туралы

Конституциялық Кеңесi туралы
20-бап. Конституциялық iс жүргiзуге қатысушылар



Ст. 20 Конституциялық Кеңесi туралы 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 2737



1. Конституциялық iс жүргiзуге қатысушылар болып өтiнiштерi бойынша конституциялық iс қозғалып отырған мына адамдар мен органдар танылады: 

1) Республика Президентi; 

2) Парламент Сенатының Төрағасы; 

3) Парламент Мәжiлiсiнiң Төрағасы; 

4) өздерiнiң жалпы санының кемiнде бестен бiрi болатын Парламент депутаттары; 

5) Премьер-Министр; 

6) Республика соттары; 

7) актiлерiнiң конституциялылығы тексерiлетiн мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдар. 

2. Қажет болған жағдайда конституциялық iс жүргiзуге қатысушылар Конституциялық Кеңеске өз өкiлдерiн жiбере алады, олардың өкiлеттiгi азаматтық iс жүргiзу заңдарында көзделген тәртiппен ресiмделедi.

Статья 1 ...18 19 20 21 22 ...47 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 20-бап Конституциялық Кеңесi туралы 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 2737