Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Конституциялық Кеңесi туралы

Конституциялық Кеңесi туралы
21-бап. Конституциялық iс жүргiзуге қатысушылардың құқықтары мен мiндеттерi



Ст. 21 Конституциялық Кеңесi туралы 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 2737



1. Конституциялық iс жүргiзуге қатысушылар өкiлеттiгi шегiнде тең iс жүргiзу құқықтарын пайдаланады. 

2. Конституциялық iс жүргiзуге қатысушылар:

1) iс жүргiзу материалдарымен танысуға, олардың қысқаша үзiндiлерi мен көшiрмелерiн алуға; 

2) дәлелдер келтiруге, оларды зерттеуге қатысуға және өтiнiштерi мен қарсылықтарының негiзi ретiнде өздерi сiлтеме жасап отырған мән-жайларды дәлелдеуге; 

3) конституциялық iс жүргiзу барысында туындайтын барлық мәселелер бойынша өздерiнiң дәйектерi мен ойларын Конституциялық Кеңеске айтуға; 

4) өтiнiштерiн мәлiмдеуге және мәлiмденген өтiнiштер бойынша өз пiкiрiн айтуға; 

5) Конституциялық Кеңеске ауызша және жазбаша түсiнiктер беруге хақылы. 

3. Конституциялық iс жүргiзуге қатысушы: 

1) өтiнiшi бойынша конституциялық iс қозғалған қатысушының Конституциялық Кеңестiң қорытынды шешiмi қабылданатын отырысы басталғанға дейiн өтiнiшiнiң негiзiн өзгертуге, оның көлемiн ұлғайтуға немесе азайтуға, өтiнiшiнен бас тартуға хақылы; 

2) соның актiлерiне орай конституциялық iс қозғалған қатысушының өтiнiшiнде мәлiмделген талаптарды толық немесе iшiнара мойындауға не оларға қарсылық бiлдiруге хақылы. 

4. Конституциялық iс жүргiзуге қатысушылар:

1) өз құқықтарын адал пайдалануға мiндеттi. Олардың Конституциялық Кеңеске көрiнеу жалған мәлiметтер хабарлауы немесе Конституциялық Кеңес талап еткен құжаттарды, материалдар мен өзге де ақпаратты бермеуi Конституциялық Кеңестi құрметтемеу ретiнде бағаланады және заң бойынша жауапкершiлiкке әкелiп соғады; 

2) Республика Конституциясына , Конституциялық Кеңеске, оның талаптарына және Конституциялық Кеңесте қабылданған рәсiмдерге құрметпен қарауға; 

3) төрағалық етушiнiң отырыс тәртiбiн сақтау туралы өкiмдерiне бағынуға мiндеттi.

Статья 1 ...19 20 21 22 23 ...47 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 21-бап Конституциялық Кеңесi туралы 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 2737