Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Конституциялық Кеңесi туралы

Конституциялық Кеңесi туралы
22-бап. Конституциялық Кеңеске өтiнiш берудiң нысаны мен мазмұны



Ст. 22 Конституциялық Кеңесi туралы 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 2737



1. Конституциялық Кеңеске өтiнiш жазбаша түрде берiледi. 

2. Өтiнiште мыналар көрсетiлуге тиiс:

1) Конституциялық Кеңестiң атауы; 

2) өтiнiш жасаушының атауы, тұрғылықты жерi, мекен-жайы және ол туралы өзге де қажеттi деректер; 

3) өтiнiш жасаушының өкiлiнiң атауы, мекен-жайы және қызметi бойынша өкiлдiктi қоспағанда, оның өкiлеттiгi туралы өзге де деректер; 

4) егер өтiнiште оларды өткiзудiң дұрыстығы туралы мәселе қойылған ретте, Президент, Парламент депутаттары сайлауын және республикалық референдум өткiзуге байланысты актiлерге қол қойған немесе оларды шығарған мемлекеттiк органдардың, лауазымды адамдардың атауы, тұрғылықты жерi және мекен-жайы; 

5) егер өтiнiште Парламент қабылдаған заңдардың Республика Конституциясына сәйкестiгi туралы мәселе қойылған ретте, заңдардың атауы, қабылданған күнi; 

5-1) егер өтініште Парламент және оның Палаталары қаулыларының Республика Конституциясына сәйкестігі туралы мәселе қойылған жағдайда Парламент және оның Палаталары қаулыларының атауы, қабылданған күні; 

6) егер өтiнiште Республиканың халықаралық шарттарының Конституцияға сәйкестiгi туралы мәселе қойылған ретте, Республиканың халықаралық шарттарының, Қазақстан Республикасы немесе оның мемлекеттiк органдары атынан оларға қол қойылған лауазымды адамдардың аты, оларға қол қойылған күн мен орын; 

7) өтiнiште ресми түсiндiрме беру туралы мәселе қойылып отырған Республика Конституциясының нормалары; 

8) егер соттың ұсынысында актiнi конституциялық емес деп тану туралы мәселе қойылса, егер сот қолданылуға жататын заң немесе өзге де нормативтiк құқықтық акт адам мен азаматтың Конституцияда баянды етiлген құқықтары мен бостандықтарына қысым жасайды деп таныса, актiге қол қойған немесе оны шығарған мемлекеттiк органның, лауазымды адамның аты, тұрғылықты жерi мен мекен-жайы, заңның немесе өзге де нормативтiк құқықтық актiнiң атауы, нөмiрi, қабылданған күнi, жарияланған көздер және өзге де реквизиттер; 

9) Конституцияның 47-бабының 1-тармағына сәйкес Парламент құрған комиссияның атауы, құрамы және оның қорытындысы; Республика Президентiн мерзiмiнен бұрын қызметтен босату туралы мәселенi Парламенттiң қарауына байланысты актiлердiң атауы, қабылданған күнi және мазмұны; 

10) Президенттi қызметтен кетiру туралы мәселенi қозғауға түрткi болған депутаттардың саны туралы мәлiметтер; Парламент Палаталарында дауыс берудiң нәтижелерi туралы мәлiметтер; Президентке қарсы тағылған айыпты тексеру нәтижелерi туралы мәлiметтер; тағылған айыптың негiздiлiгi туралы Жоғарғы Соттың қорытындысы жөнiндегi мәлiметтер; Республика Президентiн қызметтен кетiру туралы мәселенi Парламенттiң қарауына байланысты актiлердің атауы, қабылданған күнi және мазмұны; 

11) өтiнiштiң мәнi; 

12) өтiнiш жасауға негiз болатын және оның негiздiлiгiн растайтын өзге де деректер, мән-жайлар мен айғақтар; 

13) Республика Конституциясы мен осы Конституциялық заңның Конституциялық Кеңеске өтiнiш жасау құқығын беретiн нормалары; 

14) қоса тiркелiп отырған құжаттар тiзбесi. 

3. Өтiнiшке тиiстi субъект қол қоюға тиiс, ал Конституциялық Кеңеске сот өтiнiш жасаса, оған тиiстi соттың төрағасы қол қояды. 

4. Өтiнiшке мыналар қоса тiркеледi:

1) өтiнiш берген субъектiлер сiлтеме жасаған актiлер мәтiндерiнiң көшiрмесi; 

2) өкiлдiк лауазым бойынша жүзеге асырылатын жағдайдан басқа реттерде өкiлдiң өкiлеттiгi туралы құжаттар; 

3) он дана мөлшерiнде өтiнiш пен оның қосымшаларының көшiрмесi. 

5. Конституциялық iс жүргiзу тiлдерiнде жазылмаған құжаттарға олардың қазақша немесе орысша аудармалары қоса тiркелуге тиiс.

Ескерту. 22-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2008.06.17 N 41-IV Конституциялық заңымен.

Статья 1 ...20 21 22 23 24 ...47 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 22-бап Конституциялық Кеңесi туралы 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 2737