Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Конституциялық Кеңесi туралы

Конституциялық Кеңесi туралы
24-бап. Конституциялық Кеңестiң өтiнiштердi қарау мерзiмдерi



Ст. 24 Конституциялық Кеңесi туралы 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 2737



Конституциялық Кеңес iс жүргiзуге қабылданған өтiнiштi келiп түскен күнінен бастап келесі айдың тиісті күнінде (күн санында) аяқталатын бiр ай iшiнде қарайды және ол бойынша қорытынды шешiм шығарады. Егер мерзімнің аяқталуы тиісті күн саны жоқ айға тура келетін болса, онда мерзім осы айдың соңғы күнінде аяқталады.

Егер мәселенi кейiнге қалдыруға болмаса, Республика Президентiнiң жазбаша нысанда баяндалған талабы бойынша қорытынды шешім қабылдау үшін берілетін бір айлық мерзiм күнтізбелік он күнге дейiн қысқартылуы мүмкiн.

Конституциялық Кеңес бір-бірімен өзара байланысты өтініштерді бір іс жүргізуге біріктірген жағдайда, қорытынды шешім шығару үшін Конституцияда көзделген бір айлық мерзім соңғы өтініш келіп түскен күннен бастап есептеледі.

 Ескерту. 24-бап жаңа редакцияда - ҚР 03.10.2013 № 133-V Конституциялық заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Статья 1 ...22 23 24 25 26 ...47 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 24-бап Конституциялық Кеңесi туралы 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 2737