Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Конституциялық Кеңесi туралы

Конституциялық Кеңесi туралы
25-бап. Өтiнiштi iс жүргiзуге қабылдау немесе оны қабылдаудан бас тарту



Ст. 25 Конституциялық Кеңесi туралы 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 2737



Конституциялық Кеңестiң Төрағасы келiп түскен өтiнiштi Конституциялық Кеңестiң қарауына енгiзедi, оның отырысы ол келiп түскен күннен бастап үш күн мерзiмде өткiзiледi. Конституциялық Кеңес өтiнiштi тексерiп, егер: 

1) өтiнiш осы Конституциялық заңда белгiленген өтiнiш нысаны мен мазмұнына сәйкес келмесе немесе тиiстi субъектiден туындамаса; 

2) өтiнiштiң мәнi Конституциялық Кеңестiң құзыретiне жатпаса; 

3) өтiнiште көрсетiлген мәселенiң конституциялылығын Конституциялық Кеңес бұрын тексерiп қойған болса және Конституциялық Кеңестiң заңды күшiн сақтайтын шешiмi бар болса; 

4) өтiнiште көрсетiлген мәселе Конституцияда шешiмiн таппаса; 

5) конституциялығы талас тудырып отырған акт тоқтатылған немесе күшiн жойған болса, өтiнiштi iс жүргiзуге қабылдаудан бас тартып, оны қайтарып бередi.

Статья 1 ...23 24 25 26 27 ...47 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 25-бап Конституциялық Кеңесi туралы 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 2737