Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Конституциялық Кеңесi туралы

Конституциялық Кеңесi туралы
36-бап. Конституциялық Кеңестiң шешiмiн қайта қарау



Ст. 36 Конституциялық Кеңесi туралы 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 2737



1. Конституциялық Кеңестің шешімін ол Қазақстан Республикасы Президентінің бастамасы бойынша немесе өз бастамасы бойынша мына жағдайларда, егер: 

1) қабылданған шешімге негіз болған Конституция нормасы өзгерсе; 

2) өтініштің мәні үшін жаңа елеулі мән-жайлар ашылса, қайта қарауы мүмкін. 

2. Адам және азамат құқықтары мен бостандықтарын қорғау, ұлттық қауіпсіздікті, мемлекеттің егемендігі мен тұтастығын қамтамасыз ету мүддесінде Конституциялық Кеңестің шешімін ол Қазақстан Республикасы Президентінің бастамасы бойынша қайта қарауы мүмкін. 

3. Шешімді қайта қарау туралы Конституциялық Кеңес қаулы шығарып, ол арқылы осы шешімнің күшін жояды. 

4. Қорытынды шешім қайта қаралған жағдайда Конституциялық Кеңестің Төрағасы өз өкімімен осы мәселе бойынша жаңа отырыс өткізудің күні мен тәртібін белгілейді.

Ескерту. 36-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2008.06.17 N 41-IV Конституциялық заңымен.

Статья 1 ...34 35 36 37 38 ...47 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 36-бап Конституциялық Кеңесi туралы 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 2737