Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Конституциялық Кеңесi туралы
37-бап. Конституциялық Кеңестiң қорытынды шешiмiнiң мазмұны



Ст. 37 Конституциялық Кеңесi туралы 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 2737



Конституциялық Кеңестiң қорытынды шешiмiнде: 

1) оның атауы, шығарылған күнi мен орны; 

2) оны шығарған Конституциялық Кеңестiң құрамы; 

3) өтiнiш жасаушы субъектiлер мен олардың өкiлдерi; 

4) өтiнiштiң мәнi; 

5) Конституция мен осы Конституциялық заңның Конституциялық Кеңестiң iс жүргiзуге қабылданған өтiнiштi қарау құқығын белгiлейтiн нормалары; 

6) Конституциялық Кеңес анықтаған мән-жайлар; 

7) жарияланған немесе алынған көздерi көрсетiле отырып, конституциялылығы тексерiлген актiнiң атауы; 

8) лауазымды адамдардың конституциялылығы тексерiлген шешiмдерi; 

9) Президент сайлауын, Парламент депутаттары сайлауын немесе республикалық референдум өткiзудiң дұрыстығы тексерiлген учаскелер, округтер, әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер; 

10) ресми түсiндiрме беруге ұшыраған Конституция нормасының (нормаларының) мазмұны; 

11) Конституцияның 47-бабының 1, 2 тармақтарында белгiленген, сақталуы тексерiлген рәсiмдер; 

12) Конституциялық Кеңес ұйғарған шешiм пайдасына келтiрiлген дәлелдер; 

13) Конституциялық Кеңес басшылыққа алған Конституция нормалары; 

14) шешiмнiң тұжырымы; 

15) шешiмнiң орындалу және жариялану тәртiбi мен мерзiмi; 

16) шешiмнiң түпкiлiктiлiгi көрсетiлуге тиiс.

Статья 1 ...35 36 37 38 39 ...47 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Конституциялық Кеңесi туралы 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 2737 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 37-бап Конституциялық Кеңесi туралы 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 2737