Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Конституциялық Кеңесi туралы
38-бап. Конституциялық Кеңес шешiмiнiң заңдық күшi



Ст. 38 Конституциялық Кеңесi туралы 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 2737



1. Конституциялық Кеңестiң қорытынды шешiмi ол қабылданған күннен бастап күшiне енедi, Республиканың барлық аумағында жалпыға бiрдей мiндеттi, түпкiлiктi болып табылады және шағым жасауға жатпайды. Өзге шешiмдердiң күшiне ену тәртiбiн Конституциялық Кеңес белгiлейдi. 

2. Конституциялық Кеңестiң қорытынды шешiмiне тұтастай немесе белгiлi бiр бөлiгiнде Республика Президентiнiң қарсылықтары енгiзiлуi мүмкiн, олар: 

1) Президент шешiмiнiң мәтiнiн алған күннен бастап бір ай мерзiмнен кешiктiрiлмей енгiзiледi; 

2) Конституциялық Кеңес мүшелерi жалпы санының үштен екiсiнiң даусымен еңсерiледi. 

3. Республика Президентiнiң қарсылығы еңсерiлмеген жағдайда, Конституциялық Кеңестiң шешiмi қабылданбады деп есептеледi және конституциялық iс жүргiзу тоқтатылады.

Ескерту. 38-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2008.06.17 N 41-IV Конституциялық заңымен.

Статья 1 ...36 37 38 39 40 ...47 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Конституциялық Кеңесi туралы 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 2737 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 38-бап Конституциялық Кеңесi туралы 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 2737