Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Конституциялық Кеңесi туралы

Конституциялық Кеңесi туралы
40-бап. Конституциялық Кеңестiң шешiмдерiн орындау



Ст. 40 Конституциялық Кеңесi туралы 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 2737



1. Конституциялық Кеңес өзі қабылдаған шешімдердің орындалу тәртібін және мерзімдерін белгілей алады.

Егер Конституциялық Кеңестің шешімі мемлекеттік шығыстарды ұлғайтуды немесе мемлекеттік кірістерді қысқартуды талап еткен жағдайда, Конституциялық Кеңес өзі қабылдаған шешімдердің орындалу мерзімдерін Қазақстан Республикасының Үкіметімен келісім бойынша белгілейді. 

2. Конституциялық Кеңестің шешімін орындау үшін қолданылған шаралар туралы оған тиісті мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар Конституциялық Кеңес белгілеген мерзімде хабарлайды. 

3. Уәкілетті мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар қабылданған шешім туралы Конституциялық Кеңеске міндетті түрде хабарлай отырып, Конституциялық Кеңестің шешімдерінде қамтылған заңнаманы жетілдіру жөніндегі ұсынымдар мен ұсыныстарды міндетті түрде қарауға тиіс.

Ескерту. 40-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2008.06.17 N 41-IV Конституциялық заңымен.

Статья 1 ...38 39 40 41 42 ...47 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 40-бап Конституциялық Кеңесi туралы 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 2737