Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Концессиялар туралы
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар



Ст. 1 Концессиялар туралы 2006 жылғы 7 шілдедегі N 167




Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

1) бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган – бюджеттi атқару, республикалық бюджеттiң және өз құзыретi шегiнде жергiлiктi бюджеттердiң, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң есебi негiзiнде Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының атқарылуы бойынша бухгалтерлiк есепке алуды, бюджеттiк есепке алу мен бюджеттiк есептiлiктi жүргiзу саласында басшылықты және салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

1-1) бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган – бюджеттік жоспарлау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

2) әлеуметтік инфрақұрылым мен тіршілікті қамтамасыз ету объектілері – қамтамасыз етілуі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдарға жүктелген, қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін пайдаланылатын объектілер, объектілер кешендері;

3) жекешелік концессиялық міндеттемелер – жасалған концессия шарты бойынша концессионер қабылдаған міндеттемелер;

4) концедент – Қазақстан Республикасы, оның атынан Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе жергілікті атқарушы орган, сондай-ақ олар концессия шартын және осы заңда көзделген жағдайларда концессионердің кредиторларымен тікелей келісімді жасасуға уәкілеттік берген мемлекеттік органдар әрекет етеді;

5) концессионер – концессия шартын жасасқан, оның ішінде өз қызметін бірлескен қызмет (жай серіктестік) туралы шарт негізінде жүзеге асыратын, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға және (немесе), мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор субъектілерін қоспағанда (концессиялық жобаларды қаржыландыру жөніндегі ұйымдардан басқа), заңды тұлға;

6) концессия – концессия объектілерін құруға (реконструкциялауға) және пайдалануға бағытталған, концессионердiң қаражаты есебiнен немесе концеденттiң қоса қаржыландыруы шарттарымен жүзеге асырылатын қызмет;

7) концессия бойынша конкурсты ұйымдастырушы (бұдан әрi – конкурсты ұйымдастырушы) – концессионерді таңдау жөніндегі конкурстар өткiзудi жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;

8) концессиялық жоба – Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына және осы Заңға сәйкес шектеулі уақыт кезеңі ішінде іске асырылатын және аяқталған сипаттағы концессияны жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жиынтығы. Концессиялық жобалар тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын ерекше маңызы бар концессиялық жобалар санатына жатқызылуы мүмкін.

Концессиялық жобаларды ерекше маңызы бар концессиялық жобалар санатына жатқызу критерийлерін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.

9) концессиялық жобаларды консультациялық қолдау – концессиялық ұсыныстарды, конкурстық құжаттамаларды, концессия шарттарының жобаларын әзiрлеудi, комиссияның конкурсқа қатысушымен келiссөздер жүргiзу процесiнде консультациялық қызметтер көрсетудi қамтитын, Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе жергілікті атқарушы органдар айқындайтын концессиялық жобаларды қолдау бойынша заңды тұлғалар көрсететiн қызметтер;

10) концессиялық жобаларды қоса қаржыландыру – концессия объектілерін құруға (реконструкциялауға) арналған шығындардың белгілі бір көлемін қаржыландыру үшін бюджет қаражатын бөлу;

11) концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негiздемесi (бұдан әрі – техникалық-экономикалық негiздеме) – маркетингтiк, техникалық-технологиялық, әлеуметтiк-экономикалық және экологиялық зерттеулердiң нәтижелерi, сондай-ақ концессиялық жобаны iске асырудың орындылығы мен мүмкiндiгiн негiздейтiн институционалдық шешiмдер, қаржылық шешiмдер, тәуекелдердi бағалау және оларды концессиялық жобаға қатысушылар арасында бөлу, қажет болған жағдайда мемлекеттiк қолдау түрлерi мен мөлшерiн айқындау жөнiндегi, сондай-ақ жобаны iске асыру кезiнде оның мемлекеттiк бюджетке ықпал етуi жөнiндегi шешiмдер және тұтас экономика мен оның салаларының дамуына әлеуметтiк-экономикалық әсер қамтылатын жоба алдындағы құжаттама;

12) концессиялық ұсыныс – тиісті іс-шаралардың жиынтығын қоса алғанда, концессиялық жобаның мақсатын, оған қол жеткізу жолдарын, мемлекеттік қолдау шараларын, концессионер шығындарының орнын толтыру және табыс алу көздерін көрсететін, сондай-ақ концессиялық жобаны іске асырудың орындылығы мен мүмкіндігін негіздейтін, мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе жергілікті атқарушы органдар айқындайтын концессиялық жобаларды консультациялық қолдау бойынша заңды тұлғаларды тарта отырып әзірлейтін концессиялық жобаның тұжырымдамасы;

13) концессия мәселелерi жөнiндегi мамандандырылған ұйым – концессия мәселелерi бойынша қызметтер көрсету үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi құрған ұйым;

14) концессия объектiсi – концессия шарты бойынша құрылатын (реконструкцияланатын) және пайдаланылатын, тізбеге енгізілген әлеуметтік инфрақұрылым мен тіршілікті қамтамасыз ету объектілері;

15) концессия объектісін құру – Қазақстан Республикасының аумағында бұрын болмаған концессия объектісін құру, оның ішінде жаңа технологиялар, өндірісті механикаландыру және автоматтандыру негізінде құру, концессия объектісінде жаңа өндірістік жабдық орнату, концессия объектісінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін өзге де жұмыс түрлерін жүргізу;

16) концессия объектісін пайдалану – концессионердің концессия объектісін концессия шартында айқындалған тәртіппен және жағдайларда концессия объектісінің мақсатына сәйкес, оның ішінде тауарлар өндіру және (немесе) жұмыстарды орындау және (немесе) қызметтер көрсету мақсатында пайдалануы;

17) концессия объектісін реконструкциялау – жаңа технологияларды енгізу, өндірісті механикаландыру және автоматтандыру, техникалық жағынан ескірген және (немесе) физикалық тұрғыдан тозған жабдықты жаңғырту және неғұрлым өнімді жаңа жабдықпен алмастыру негізінде қайта құру, сондай-ақ концессия объектісінің немесе оның жекелеген бөліктерінің технологиялық немесе функционалдық мақсатын өзгерту жөніндегі іс-шараларды жүргізу арқылы ғимараттың жекелеген үй-жайларын, өзге де бөліктерін немесе тұтас ғимаратты өзгерту, концессия объектісінің сипаттамалары мен пайдаланылу қасиеттерін жақсарту жөніндегі өзге де іс-шаралар;

18) концессия шарты – концедент пен концессионер арасында жасалатын, тараптардың құқықтарын, мiндеттерiн және жауапкершiлiгiн, концессияны iске асыру шарттарын айқындайтын жазбаша келiсiм;

19) мемлекеттік-жекешелік әріптестік – әлеуметтік инфрақұрылым мен тіршілікті қамтамасыз ету обьектілерін қаржыландыруға, құруға, реконструкциялауға және (немесе) пайдалануға бағытталған мемлекет пен жеке кәсіпкерлік субъектілері арасындағы ынтымақтастық нысаны;

20) мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган – стратегиялық және экономикалық жоспарлау саласында басшылықты және салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

21) республикалық меншiкке билiк ету құқығын жүзеге асыру жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган – экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларында (аясында) республикалық меншiк объектiлерiн басқару, меншiктi жекешелендiру және оның мемлекеттiк мониторингi аясында өз құзыретi шегiнде арнайы атқару және бақылау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;

22) алып тасталды - ҚР 03.12.2013 № 150-V Заңымен (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі);

23) тиiстi саланың уәкiлеттi мемлекеттiк органы – мемлекеттiк басқарудың тиiстi саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

24) тiзбе – орта мерзiмдi кезеңге концессияға ұсынылатын объектiлердiң: объектілер республикалық меншікке жататын болса – мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган немесе объектілер коммуналдық меншікке жататын болса – облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың мәслихаттары бекiтетiн тiзбесi;

25) тікелей келісім – осы Заңның 26-2-бабының ережелеріне сәйкес ерекше маңызы бар концессиялық жобаларды іске асыру үшін концедент, концессионер және концессионердің кредиторлары арасында жасалатын жазбаша келісім.

Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - ҚР 04.07.2013 № 131-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 03.12.2013 № 150-V (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 12.06.2014 № 209-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 02.07.2014 N 225-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.


Статья 1 2 3 ...29 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Концессиялар туралы 2006 жылғы 7 шілдедегі N 167 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 1-бап Концессиялар туралы 2006 жылғы 7 шілдедегі N 167