Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Концессиялар туралы
10-бап. Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның өкілеттіліктері



Ст. 10 Концессиялар туралы 2006 жылғы 7 шілдедегі N 167



Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган:

1) республикалық меншікке жататын, орта мерзiмдi кезеңге концессияға ұсынылатын объектiлердiң тізбесін келіседі;

2) республикалық меншікке жататын объектілерге қатысты конкурстық құжаттаманы және концессия шартының жобасын, оның ішінде оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде келіседі;

3) концессия шарттары бойынша мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерінің шарттарын жасасады, сондай-ақ концессия шарттары бойынша берілген мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерінің тізілімін жүргізеді;

4) алып тасталды - ҚР 03.12.2013 № 150-V (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі);

5) мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді тіркейді;

6) Алынып тасталды - ҚР 2010.04.02 № 263-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

7) мемлекеттік меншікте тұрған концессия объектілерін концессионерге иеленуге және пайдалануға берудің тәртібін айқындайды;

7-1) алып тасталды - ҚР 03.12.2013 № 150-V (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі);

7-2) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша жасалған концессиялық шарттардың және берiлген мемлекеттiк кепiлдiктер мен мемлекет кепiлгерлiктерiнiң тiзiлiмiн жүргiзу қағидаларын бекiтедi;

7-3) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша пайдалану шығындарының өтемақысын төлеу қағидаларын бекітеді;

7-4) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша концессиялық жобалар бойынша инвестициялық шығындардың өтемақысын беру қағидаларын бекітеді;

7-5) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша концессия объектісін басқаруды жүзеге асырғаны үшін сыйақы төлеу қағидаларын бекітеді;

8) осы Заңда, өзге де заңдарда, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

Ескерту. 10-бап жаңа редакцияда - ҚР 2008.07.05 N 66-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен, өзгерістер енгізілді - ҚР 2008.12.04 N 97-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.04.02 № 263-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.11.24 N 495-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2013 № 131-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.12.2013 № 150-V (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.07.2014 N 225-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

Статья 1 ...8 9 10 10-1 11 ...29 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Концессиялар туралы 2006 жылғы 7 шілдедегі N 167 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 10-бап Концессиялар туралы 2006 жылғы 7 шілдедегі N 167