Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Концессиялар туралы
15-2-бап. Концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ оларға қажетті сараптамалар жүргізу



Ст. 15-2 Концессиялар туралы 2006 жылғы 7 шілдедегі N 167




1. Бюджеттік комиссиялар мақұлдаған, концессиялық ұсыныстарда қамтылған концессиялық жобалар бойынша концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеу немесе түзету жүзеге асырылады.

2. Әзірленген жобалау-сметалық құжаттамалары бар, сондай-ақ техникалық жағынан күрделі болып табылмайтын, үлгілік жобалар, үлгілік жобалық шешімдер мен қайталап қолданылатын жобалар негізінде іске асырылатын жобалар бойынша техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеу талап етілмейді.

Конкурстық құжаттаманы әзірлеу немесе түзету концессиялық жобаның концессиялық ұсыныста қамтылған маркетингтік, қаржылық-экономикалық параметрлері ескеріле отырып, қолда бар жобалау-сметалық құжаттаманы концессия объектісінің нақты алаңына байланыстыру арқылы жүзеге асырылады.

3. Техникалық жағынан күрделі және (немесе) бірегей болып табылатын жобалар бойынша концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуді екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, концессионерді таңдау жөнiндегі конкурс өткізілген жағдайда әлеуетті концессионер не екі кезеңдік рәсімдерді пайдаланбай концессионерді таңдау жөнiндегі конкурс өткізілген жағдайда, тиісті саланың уәкілетті органы немесе жергілікті атқарушы орган жүзеге асырады.

4. Техникалық-экономикалық негіздеме пайдалар мен шығындарды экономикалық талдау негізінде жүргізілетін концессиялық жобаның жүзеге асырылуы мен тиімділігін зерделеу нәтижелерін қамтиды.

Техникалық шешімдердің өзгеруіне және қосымша шығыстарға әкеп соғатын, концессиялық жобаның белгіленген техникалық-экономикалық параметрлері өзгертілген жағдайда, тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органы және жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қажетті сараптамаларды кейіннен жүргізе отырып, техникалық-экономикалық негіздемеге түзету жасайды.

5. Концессиялық жобаның әзiрленген немесе түзетiлген конкурстық құжаттамасына қажеттi сараптамалар жүргiзiлгеннен кейiн тиiстi саланың уәкiлеттi мемлекеттiк органы осы Заңның 13-бабының 3-2) тармақшасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, оны мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органға сараптама жүргiзу үшiн жiбередi.

6. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган осы Заңның 13-бабының 3-2) тармақшасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, концессиялық жобаның әзiрленген немесе түзетiлген конкурстық құжаттамасына сараптама жүргiзу үшiн концессия мәселелерi жөнiндегi мамандандырылған ұйымды тартады.

7. Концессия мәселелерi жөнiндегi мамандандырылған ұйым және осы Заңның 13-бабының 3-2) тармақшасында көрсетілген заңды тұлғалар концессиялық жобаны iске асыру бойынша ұсынылатын шешiмдерге сараптаманың сапасы үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.

8. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган осы баптың 6-тармағында көрсетілген сараптаманың қорытындысын, егер жоба республикалық болса, тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органына, сондай-ақ, егер жоба жергілікті болса, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарына жібереді.

9. Бюджеттік жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган бюджетті атқару жөнiндегi уәкiлеттi органмен келісілген, тиісті саланың уәкiлеттi мемлекеттік органының өтінімі және осы баптың 6-тармағында көрсетілген, мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді қабылдау мүмкіндігі туралы ұсынымдарды қамтитын сараптаманың оң қорытындысы негізінде концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамалары бойынша қорытындылар қалыптастырады және оларды Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.

10. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергілікті уәкiлеттi орган осы баптың 6-тармағында көрсетілген, мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді қабылдау мүмкіндігі туралы ұсынымдарды қамтитын сараптаманың оң қорытындысы негізінде концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамалары бойынша қорытындылар қалыптастырады және оларды тиісті бюджеттік комиссияның қарауына енгізеді.

11. Жоба бекітілгеннен кейін үш жыл ішінде концессия шарты жасалмаған концессиялық жобаның әзірленген немесе түзетілген конкурстық құжаттамасына сараптамалар қорытындыларының күші жойылды деп есептеледі.

Ескерту. Заң 15-2-баппен толықтырылды - ҚР 2010.04.02 № 263-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен, жаңа редакцияда - ҚР 03.12.2013 № 150-V (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 02.07.2014 N 225-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.


Статья 1 ...15 15-1 15-2 16 17 ...29 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Концессиялар туралы 2006 жылғы 7 шілдедегі N 167 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 15-2-бап Концессиялар туралы 2006 жылғы 7 шілдедегі N 167