Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 18 Концессиялар туралы 2006 жылғы 7 шілдедегі N 167


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.03.2024

Концессиялар туралы
18-бап. Әлеуетті концессионерге қойылатын бiлiктiлiк талаптары

1. Концессионер таңдау жөніндегі конкурсқа (аукционға) қатысу үшін әлеуетті концессионер мынадай біліктілік талаптарына сай келуге тиіс: 

1) концессия шарты бойынша міндеттемелерді орындау үшін қажетті қаржылық және (немесе) материалдық және (немесе) еңбек ресурстары болуға; 

2) төлемге қабілетті болуға, республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің алты еселенген мөлшерінен асатын салық берешегі болмауға, банкроттық не тарату рәсіміне жатпауға, баланстық құны тиісті негізгі құралдар құнының он пайызынан асатын мүлкіне тыйым салынбауға, қаржы-шаруашылық қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тоқтатыла тұрмаған болуға тиіс; 

3) соңғы үш жыл ішінде жасалған мемлекеттік-жекешелік әріптестік не концессия шарттары бойынша өз міндеттемелерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жосықсыз әлеуетті жекеше әріптес не концессионер деп тану туралы соттың заңды күшіне енген шешімі негізінде жауаптылыққа тартылмаған болуға; 

4) концессия объектісін құру (реконструкциялау) құнының кемінде он пайызын құрайтын меншікті қаражаты болуға тиіс. 

Меншікті қаражат деп әлеуетті концессионерге тиесілі меншікті капитал, ақша және өзге де активтер түсініледі, олар концессиялық жобаны іске асыруға тікелей тартылады; 

5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен әлеуетті концессионердің құрылтайшылары, басшылары терроризмді және экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілмеген болуға тиіс; 

6) мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізілмеген болуға тиіс; 

7) азаматтық әрекет қабілеттілігі (дара кәсіпкер үшін) және құқықтық қабілеттілігі (заңды тұлғалар үшін) болуға тиіс. 

1-1. Егер әлеуетті концессионер концессиялық жобаны iске асыру мақсатында жеке және (немесе) заңды тұлғалар құрған жаңа заңды тұлға болып табылса, онда: 

1) әлеуетті концессионер осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген біліктілік талаптарына сәйкес келуге тиiс; 

2) жаңа заңды тұлғаның құрылтайшылары ретінде әрекет ететін заңды тұлғалар осы баптың 1-тармағының 2), 3) және 5) тармақшаларының талаптарына сәйкес келуге тиiс; 

3) жаңа заңды тұлға құрған жеке және (немесе) заңды тұлғалардың жиынтық өз капиталы осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасының талаптарына сәйкес келуге тиiс. 

2. Әлеуетті концессионер өзінің осы баптың 1-тармағында көзделген біліктілік талаптарына сай келетінін растау үшін конкурсты (аукционды) ұйымдастырушыға құжаттар ұсынады, олардың тізбесі мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган бекітетін қағидаларда көзделеді. 

Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде мiндеттi аудит өткiзу белгiленген заңды тұлғалар соңғы қаржы жылындағы аудиторлық есептi де табыс етедi.  

Егер концессионердің мемлекеттік кепілдікті және (немесе) мемлекет кепілгерлігін алуы көзделетін болса, концессия жобасын іске асыру мақсатында бірнеше жеке немесе заңды тұлғалар құрған жаңа заңды тұлға әлеуетті концессионер болып табылатын жағдайларды қоспағанда, әлеуетті концессионердің аудиторлық есеппен расталған қаржылық есептілікке сәйкес соңғы аяқталған қаржы жылында немесе соңғы аяқталған үш қаржы жылының кез келген екеуінде таза кірісі болуға тиіс. 

3. Әлеуетті концессионер біліктілік талаптары жөнінде анық емес ақпарат ұсынған жағдайда, мұндай факт анықталған кезден бастап үш жыл бойы мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің барлық түрлері бойынша жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсқа (аукционға) қатысуға жіберілмейді. 

Әлеуетті концессионер ұсынатын біліктілік талаптары жөніндегі ақпараттың анықтығын комиссия, конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы, уәкілетті мемлекеттік органдар концессионер таңдау жөніндегі конкурсты (аукционды) өткізудің кез келген сатысында анықтай алады. 

3-1. Әлеуетті концессионердің біліктілік талаптары жөнінде анық емес ақпарат беру фактісін анықтаған комиссия, конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы, уәкілетті мемлекеттік органдар мұндай факт анықталған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей бұл туралы мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органды хабарламаға осы фактілерді растайтын құжаттардың көшірмесін қоса бере отырып, жазбаша хабарлауға міндетті. 

3-2. Концессионер таңдау жөніндегі конкурсқа (аукционға) жеке және (немесе) заңды тұлғалардың жай серіктестік нысанындағы бірлестіктері қатысқан жағдайда, аталған тұлғалардың әрқайсысы жай серіктестіктің барлық қатысушыларының қаржылық және материалдық ресурстарының жиынтығы бойынша осы баптың 1-тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген біліктілік талаптарына сай болуға тиіс. 

4. Конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы әлеуетті концессионерге осы Заңда көзделмеген біліктілік талаптарын қоюға құқылы емес. Әлеуетті концессионер өзіне қойылатын біліктілік талаптарына қатысы жоқ ақпаратты ұсынбауға құқылы. 

5. Әлеуетті концессионердің осы баптың 1-тармағында көрсетілген біліктілік талаптарына сай келетінін конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы концессионер таңдау жөніндегі конкурсты (аукционды) өткізу кезінде біліктілік іріктеуді жүзеге асыру арқылы айқындайды. 

Әлеуетті концессионер осы баптың 1-тармағында көрсетілген біліктілік талаптарына сай келмеген жағдайда, ол конкурсқа (аукционға) қатысуға жіберілмейді, ал оның конкурстық (аукциондық) өтінімі қабылданбайды. 

Ескерту. 18-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2008.07.05 N 66-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.12.04 N 97-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.04.02 № 263-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 04.07.2013 № 131-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.12.2013 № 150-V (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 31.10.2015 № 380-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.11.2017 № 112-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.07.2020 № 361-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 399-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...16 17 18 18‑1 18‑2 ...29

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.




Добрый день! Подскажите пожалуйста, положена ли мне компенсация за неиспользованный отпуск если я не вышла на работу после декрета и меня уволили?


Банк второго уровня установил высокие процентные ставки.Я по острой необходимости подписал Договор с банком.По истечении 5-6 месяцев по состоянию здоровья и ухудшения материального положения. обратился в Правление банка по снижению %ой ставки и пересмотру условия договора.Банк по сей день мне отказывает.Что можно предпринять в отношении Правления банка с моей стороны?


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться