Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Концессиялар туралы
2-бап. Қазақстан Республикасының концессиялар туралы заңнамасы

Ст. 2 Концессиялар туралы 2006 жылғы 7 шілдедегі N 167


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.04.2018
1. Қазақстан Республикасының концессиялар туралы заңнамасы Конституцияға негізделеді және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінен, "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы" Қазақстан Республикасының Заңынан, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады. 

РҚАО-ның ескертпесі!

1-тармақтың екінші бөлігі жаңа редакцияда көзделген - ҚР 27.12.2017 № 126-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Осы Заңның ережелерi жер қойнауын пайдалану саласындағы концессияға байланысты қатынастарға қолданылмайды. Жер қойнауын пайдалану саласындағы концессияға байланысты қатынастар "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес реттелiп, жүзеге асырылады. 

Жобалық қаржыландыру қолданылатын концессия осы Заңға сәйкес және "Жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген талаптар сақтала отырып реттеледі және жүзеге асырылады. 

2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады. 

Ескерту. 2-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.01.12 N 539-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 31.10.2015 № 380-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 2 3 4 ...29

Перейти к статье






Добавить комментарий к 2-бап Концессиялар туралы 2006 жылғы 7 шілдедегі N 167