Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 20 Концессиялар туралы 2006 жылғы 7 шілдедегі N 167


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.03.2024

Концессиялар туралы
20-бап. Концессионерді айқындау және концессия шартын жасасу

1. Комиссия конкурстық (аукциондық) өтінімдер бар конверттерді конкурстық (аукциондық) құжаттамада көрсетілген мерзімде, уақытта және орында ашады. 

Конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға тиісті конкурстық (аукциондық) өтінімдердегі концессиялық өтінімдерді оларға сараптама жүргізу үшін жібереді. 

Конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы конкурстық (аукциондық) құжаттаманы, концессия шартының жобасын әзірлеу, тиісті конкурстық (аукциондық) өтінімдегі ұсынылған концессиялық өтінімдерді тәуелсіз бағалау үшін, сондай-ақ әлеуетті концессионерлермен келіссөздерге қатысу үшін концессиялық жобаларды консультативтік қолдап отыру бойынша заңды тұлғаларды тартады. 

Концессиялық жобаларды консультативтік қолдап отыру бойынша заңды тұлғаларды тарту үшін конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға концессиялық жобаны консультативтік қолдап отыру бойынша көрсетілетін қызметтерді қаржыландыруға өтінім жібереді. 

Бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган немесе бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган концессиялық жобаларды консультативтік қолдап отыру бойынша қызметтер көрсетуге арналған қорытындыны тиісті бюджет комиссиясының қарауына енгізеді. 

Бюджет комиссиялары мақұлдаған әрбір концессиялық жобаны консультативтік қолдап отыру бойынша көрсетілетін қызметтерді қаржыландыру көлемдері бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган концессиялық жобаларды консультативтік қолдап отыру бойынша көрсетілетін қызметтердің тізбесін қалыптастырады, бұл мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылады. 

Концессиялық жобаларды консультативтік қолдап отыру бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады. 

2. Комиссия конкурсқа (аукционға) қатысушылар ұсынған барлық конкурстық (аукциондық) өтінімдерді конкурстық (аукциондық) құжаттама талаптарына сәйкестігін, концессиялық (аукциондық) өтінім және әлеуетті концессионерлердің біліктілік талаптарына сай келуін бағалау жөніндегі қорытындыларды ескере отырып қарайды.  

Егер белгіленген мерзімдерде конкурсты (аукционды) ұйымдастырушыға конкурстық (аукциондық) өтінімдер келіп түспесе не ұсынылған барлық конкурстық (аукциондық) өтінімдер конкурстық (аукциондық) құжаттаманың талаптарына сәйкес келмесе, онда конкурс (аукцион) өткізілмеді деп есептеледі. 

Бір ғана конкурстық (аукциондық) өтінім ұсынылған жағдайда, бұл өтінімді комиссия осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес қарайды. 

3. Комиссия концессиялық өтінімі мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган белгілейтін өлшемшарттар негізінде үздік деп танылған конкурсқа (аукционға) қатысушымен концессиялық жобаны және концессия шартының талаптарын нақтылау жөнінде келіссөздер жүргізеді. 

4. Комиссия келіссөздерді дайындау шеңберінде концессиялық жоба және концессия шарты бойынша ескертулер мен ұсыныстарды өтініш берушіге жазбаша нысанда жіберуге тиіс. 

Келіссөздер жүргізудің қорытындысы бойынша олардың нәтижелері туралы комиссияның тиісті шешімі қабылданады.  

Келіссөздер барысында, осы баптың 5-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, конкурс (аукцион) шарттарына, сондай-ақ концессиялық (аукциондық) өтінімнің бастапқы параметрлері мен сипаттамаларына өзгерістер енгізуге жол берілмейді. 

5. Конкурс (аукцион) өткізу барысында ұлттық валюта бағамы айтарлықтай өзгерген жағдайда, ерекше маңызы бар жобалар бойынша конкурс (аукцион) шарттарына, сондай-ақ концессиялық (аукциондық) өтінімнің бастапқы параметрлері мен сипаттамаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол беріледі. 

Конкурс (аукцион) шарттарына, оның ішінде құрылыс-монтаж жұмыстарының құны мен мемлекет төлемдері бойынша, сондай-ақ концессиялық (аукциондық) өтінімнің бастапқы параметрлері мен сипаттамаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешім келіссөздер хаттамасы және комиссия шешімі негізінде жүзеге асырылады және Республикалық бюджет комиссиясының қарауына шығарылады. 

6. Егер концессиялық өтінімі үздік деп танылған конкурсқа (аукционға) қатысушы комиссияның ескертулері мен ұсыныстарына сәйкес концессиялық өтінімді және концессия шартының талаптарын талқылаудан және нақтылаудан бас тартса не оның ұсыныстары конкурс (аукцион) шарттары тұрғысынан пайдалануға келмейтін болып табылса, онда комиссия осы концессиялық өтінімді қарамайды және үздік концессиялық өтінімді жаңадан таңдайды. 

7. Концессионер таңдау жөніндегі конкурстың (аукционның) қорытындысы бойынша комиссияның шешімімен үздік концессиялық өтінім айқындалады, ал өтінім беруші конкурстың (аукционның) жеңімпазы деп танылады. 

8. Конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы комиссияның шешімі негізінде конкурстың (аукционның) жеңімпазымен концессия шартын жасасады. 

Ерекше маңызы бар концессиялық жобаларды іске асыру үшін конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы комиссияның шешімі негізінде, құрылатынын конкурс (аукцион) жеңімпазы конкурстық (аукциондық) өтінімде мәлімдеген, конкурстың (аукционның) жеңімпазы құрған заңды тұлғамен концессиялық жобаны іске асыру мақсатында (концедентке концессия шартында айқындалған көлемде және шарттарда осындай заңды тұлғаның міндеттемелерін орындаудың банк кепілдіктері ұсынылған жағдайда) концессия шартын жасасады. 

9. Концессия шартын жасасу мерзімі конкурстың (аукционның) қорытындысы шығарылған күннен бастап күнтізбелік тоқсан күннен аспауға тиіс. 

10. Конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы мемлекеттік құпияларды немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, концессионер таңдау жөніндегі конкурстардың (аукциондардың) нәтижелері туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында қазақ және орыс тілдерінде жариялайды. 

Ескерту. 20-бап жаңа редакцияда – ҚР 02.01.2021 № 399-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 03.01.2022 № 101-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...18‑2 19 20 20‑1 21 ...29

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте


Добрый день! Подскажите пожалуйста, положена ли мне компенсация за неиспользованный отпуск если я не вышла на работу после декрета и меня уволили?


Банк второго уровня установил высокие процентные ставки.Я по острой необходимости подписал Договор с банком.По истечении 5-6 месяцев по состоянию здоровья и ухудшения материального положения. обратился в Правление банка по снижению %ой ставки и пересмотру условия договора.Банк по сей день мне отказывает.Что можно предпринять в отношении Правления банка с моей стороны?



Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться