Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Концессиялар туралы

Концессиялар туралы
23-бап. Концессия шартының қолданылу мерзiмi



Ст. 23 Концессиялар туралы 2006 жылғы 7 шілдедегі N 167



1. Концессия шарты отыз жылға дейiнгi мерзiмге жасалады.

2. Концессия шарты, орындалу мерзімі қосымша келісім жасалған күні басталған, тараптардың мiндеттемелерi орындалған жағдайда, қосымша келісім жасасу арқылы осы баптың 1-тармағында белгіленген мерзім шегінде тараптардың келiсiмiмен айқындалатын қосымша кезеңге ұзартылуы мүмкiн.

Өз мiндеттерiн тиiсiнше орындаған концессионерге конкурссыз негiзде жаңа келiсiм жасасу құқығы берiледi.

3. Жаңа мерзiмге концессия шартын жасасу кезiнде тараптар келiсiмi бойынша шарт талаптары өзгертiлуi мүмкiн.

 Ескерту. 23-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 02.07.2014 N 225-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

Статья 1 ...21-1 22 23 24 25 ...29 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 23-бап Концессиялар туралы 2006 жылғы 7 шілдедегі N 167