Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 26 Концессиялар туралы 2006 жылғы 7 шілдедегі N 167


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.03.2024

Концессиялар туралы
26-бап. Концессионердiң құқықтары мен мiндеттерi

1. Концессионер: 

1) концессия объектiсiне қатысты құқықтарды концессия шартында көзделген жағдайларда жүзеге асыруға; 

2) Қазақстан Республикасының инвестициялар саласындағы заңнамасына сәйкес берiлетiн инвестициялық преференциялардың субъeктici болуға; 

3) концессия шартын орындауға байланысты келтiрiлген шығындардың өтемiн алуға; 

4) концедент концессия шартының талаптарын бұзған жағдайда, концессия шартын бұзуды және мiндеттемелердi бұзудан туындаған залалдарды өтеудi талап етуге; 

5) егер концессия шартына енгiзiлген өзгерiс концессионердiң шығынға ұшырауына әкеп соқтырған жағдайда, шығынның орнын толтыруды талап етуге; 

6) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы. 

2. Концессионер:  

1) концессия объектiлерiнiң бейiнiн сақтауға; 

2) шартта көзделген жұмыстарды жүргiзуге (қызметтердi көрсетуге); 

3) концессия объектiсiнiң мүлiктiк кешенiне кiретiн әлеуметтiк сала объектiлерiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен қаржыландыруға; 

4) Қазақстан Республикасының еңбек, жұмыспен қамту және қоршаған ортаны қорғау cаласындағы заңнамасын сақтауға; 

5) концессия шарты жасалған мерзiм аяқталғаннан кейiн концессия объектісін концессия шартын жасасқан кезде болған ауыртпалықтар мен шектеулерді ескере отырып және концессия шартының талаптарына сәйкес тиісті техникалық жай-күйде концедентке беруге; 

6) Қазақстан Республикасының заңдарында және концессия шартында белгiленген өзге де талаптар мен жағдайларды сақтауға; 

7) концессия шарты шеңберінде инфрақұрылымдық облигациялар бойынша мемлекет кепілгерлігі берілген жағдайларда концессиялық жобаны қаржыландыру үшiн Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес концессия шартында айқындалған банкте арнайы шот ашуға; 

8) концессиялық жобаны іске асыру үшін тартылған қаражатты нысаналы пайдалануды қамтамасыз етуге міндетті.  

Ескерту. 26-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2008.07.05 N 66-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.04.02 № 263-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 04.07.2013 № 131-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
26-1-бап. Жекешелік концессиялық міндеттемелер 

1. Жекешелік концессиялық міндеттемелерді концессионер концессия шартында көрсетілген талаптармен қабылдайды. 

2. Концедент жекешелік концессиялық міндеттемелердің сақталуын бақылауды концессия шартында белгіленген тәртіпке сәйкес жүзеге асырады. 

Ескерту. 4-тарау 26-1-баппен толықтырылды - ҚР 04.07.2013 № 131-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Статья 1 ...24 25 26 26‑1 26‑2 ...29

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

При проверки сотрудниками сейфа сигнализация сработала как нужно, сверили номера ружей, затем потребовали сертификат на сигнализацию который я не смог предоставить. Выписали штраф

Законно ли это действие Костанай


толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться