Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Концессиялар туралы
27-бап. Дауларды шешу

Ст. 27 Концессиялар туралы 2006 жылғы 7 шілдедегі N 167


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.04.2018
1. Мемлекеттiк меншiк объектiлерiн концессияға беруге байланысты даулар Қазақстан Республикасының заңнамасында және концессия шартында белгiленген тәртiппен шешiледi.  

Концессия шартын орындауға және тоқтатуға байланысты даулар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына және концессия шартында келiсiлген дауларды шешу рәсiмдерiне сәйкес келiссөздер арқылы шешiледi. 

2. Егер шартты орындауға және тоқтатуға байланысты даулардың осы баптың 1-тармағына сәйкес шешiлуі мүмкін болмаса, онда тараптар дауды Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес сот тәртiбiмен, сондай-ақ "Төрелiк туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес төрелiкке жүгiну арқылы шешуге құқылы. Ерекше маңызы бар концессиялық жобаларға қатысты концессионер акционерлерінің (қатысушыларының) ең болмағанда біреуі Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылған жағдайда төрелiк тараптардың келісімі бойынша айқындалады. 

Ескерту. 27-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 03.07.2013 № 125-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2014 № 225-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 08.04.2016 № 489-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...26‑1 26‑2 27 28 29

Перейти к статье






Добавить комментарий к 27-бап Концессиялар туралы 2006 жылғы 7 шілдедегі N 167