Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Концессиялар туралы
9-бап. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның өкілеттіктері

Ст. 9 Концессиялар туралы 2006 жылғы 7 шілдедегі N 167


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.04.2018

Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган: 

1) осы Заңның 13-бабының 3-2) тармақшасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, мыналарды: 

конкурстық құжаттаманың, оның ішінде оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезіндегі сараптамасын; 

концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу кезінде конкурсқа қатысушылар ұсынған концессиялық өтінімдердің сараптамасын; 

концессионердің мемлекет кепілгерлігін алуға арналған ұсыныстарының сараптамасын; 

концессиялық жобалардың іске асырылуын бағалауды жүргізу үшін концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымды тартады; 

2) республикалық меншікке жататын, орта мерзімді кезеңге концессияға ұсынылатын объектілердің тізбесін қалыптастырады және бекітеді; 

3) осы Заңның 13-бабының 3-3) тармақшасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, конкурстық құжаттаманы және концессия шарттарын, оның iшiнде оларға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу кезiнде келiседi; 

4) алып тасталды - ҚР 2011.11.24 N 495-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; 

5) концессия объектісінің құнын және концессионерлер қызметін мемлекеттік қолдаудың жиынтық құнын және шығындардың орнын толтыру көздерін айқындау әдістемесін бекітеді; 

6) алып тасталды - ҚР 03.12.2013 № 150-V (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 

7) конкурстық құжаттаманы, оның ішінде оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде конкурсқа қатысушылар концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізген кезде ұсынған концессиялық өтінімдерді сараптауға қойылатын талаптарды айқындайды; 

7-1) концессиялық жобаларды ұйымдастыру саласында салааралық үйлестіруді және әдіснамалық басшылықты жүзеге асырады; 

7-2) республикалық меншікке жататын концессия объектілері бойынша концессия шарттарының тізіліміне деректерді енгізу үшін концессиялық жобалардың іске асырылуын бағалау нәтижелерін республикалық меншiкке билiк ету құқығын жүзеге асыру жөнiндегi уәкілетті мемлекеттiк органға жібереді; 

7-3) Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік концессиялық міндеттемелерінің лимиттерін қалыптастырады; 

7-4) концессия шарттарының тізілімін жүргізеді; 

7-5) концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу қағидаларын бекітеді; 

7-6) концессиялық жобаларды ұсыну, қарау және іріктеу қағидаларын бекітеді; 

7-7) экономиканың әртүрлi салаларында (аясында) концессияның үлгiлік шарттарын бекiтедi; 

7-8) концессия шарттарының мониторингін жүргізу, концессиялық жобалардың іске асырылу мониторингін және оны бағалауды жүргізу қағидаларын бекітеді; 

7-9) концессиялық жобаларды әлеуметтік маңызы бар жобалар санатына жатқызу критерийлерін бекітеді; 

7-10) концессиялық жобаларды ерекше маңызы бар концессиялық жобалар санатына жатқызу критерийлерін бекітеді; 

8) осы Заңда, өзге де заңдарда, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады. 

Ескерту. 9-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.04.02 № 263-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен, өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.11.24 N 495-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2013 № 131-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.12.2013 № 150-V (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.07.2014 N 225-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 30.11.2017 № 112-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...7 8 9 10 10‑1 ...29

Перейти к статье






Добавить комментарий к 9-бап Концессиялар туралы 2006 жылғы 7 шілдедегі N 167