Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Ғарыш қызметi туралы
3-бап. Ғарыш қызметін жүзеге асыру қағидаттары



Ст. 3 Ғарыш қызметi туралы 2012 жылғы 6 қаңтардағы № 528-IV



Ғарыш қызметін жүзеге асыру қағидаттары мыналар болып табылады:

1) ғарыш қызметін жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерін сақтау, қорғанысы мен ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

2) ғарыш қызметін дамытудың басым бағыттарын қолдау;

3) ғарыш қызметін экономикалық ынталандыру;

4) ғарыш қызметін жүзеге асыру салдарынан туындаған жеке тұлғалардың денсаулығына келтірілген зиянды, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің мүлкіне келтірілген залалды өтеу;

5) экологиялық талаптарды, техникалық реттеу және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету саласындағы талаптарды сақтау;

6) ғарыш қызметі саласындағы халықаралық құқық нормаларын сақтау;

7) ғарыш кеңістігін және Қазақстан Республикасының ғарыш инфрақұрылымын тиімді және ұтымды пайдалану;

8) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк мүдделерi сақталатын жағдайда ғарыш қызметін дамытуға инвестициялар тартуды ынталандыру.

Статья 1 2 3 4 5 ...37 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Ғарыш қызметi туралы 2012 жылғы 6 қаңтардағы № 528-IV 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 3-бап Ғарыш қызметi туралы 2012 жылғы 6 қаңтардағы № 528-IV