Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Қазақстан Республикасындағы кредиттiк бюролар және кредиттiк тарихты қалыптастыру туралы
19-бап. Ақпарат берушінің құқықтары мен міндеттері



Ст. 19 Қазақстан Республикасындағы кредиттiк бюролар және кредиттiк тарихты қалыптастыру туралы 2004 жылғы 6 шілдедегі N 573




1. Ақпарат берушi:

1) берiлетiн ақпараттың осы Заңға сәйкес пайдаланылуын кредиттік бюролардан талап етуге;

2) Қазақстан Республикасының заң актілерiне және (немесе) ақпарат беру туралы және (немесе) кредиттiк есептердi алу туралы шарттарға сәйкес өзге де құқықтары болуға құқылы.

2. Осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында көрсетiлген ақпарат берушілер:

1) мемлекет қатысатын кредиттік бюроны, сондай-ақ осы Заңның 25-бабының 4-тармағында және «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының
61-2-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, кредиттік тарих субъектiсiнiң өзi туралы мәлiметтердi кредиттiк бюроларға беруге келісiмін алуға;

2) мемлекет қатысатын кредиттік бюромен ақпарат беру туралы шарт жасасуға;

3) осы Заңда және ақпарат беру туралы шартта айқындалған талаптарда, көлемде және тәртіппен кредиттік бюроларға ақпарат беруге;

4) кредиттік бюроларға берiлген ақпаратты кредиттiк тарих субъектісінің талап ету бойынша түзетуге;

5) ақпарат беру туралы шарт жасалған кредиттік бюроларға кредиттік тарих субъектісі туралы бар мәлiметтермен дәлме-дәл сәйкес ақпарат беруге;

6) ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес пайдалануға;

7) кредиттiк ақпаратты алу мен өңдеудiң тиiсiнше шарттарын өз қаражаты есебiнен қамтамасыз етуге;

8) ақпарат беру туралы шартта айқындалған тәртіппен кредиттік тарих субъектісіне қатысты кез келген деректер өзгерген немесе алынған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде кредиттік бюроға хабарлауға міндетті.

3. Осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетiлген ақпарат берушілер:

1) өздерi кредиттiк бюромен ақпарат беру туралы шарт жасасқан жағдайда осы Заңда белгiленген, өзге де ақпарат берушiлерге қойылатын талаптарды сақтауға тиiс;

2) кредиттік тарих субъектiлерi туралы өздерiнде бар ақпаратты кредиттiк бюроларға тегін бередi.

4. Кредиттік бюроларға кредиттік бюролар жүйесіне өздерінің бұған дейін қатысуына әкеп соққан қызметті жүзеге асырмайтын ақпарат берушілер кредиттік бюролардың деректер базаларына бұрын берілген барлық субъектілер бойынша ақпаратты көрсетілген субъектілермен шарттық қарым-қатынастар тоқтатылғанға дейін жаңартып отыруға міндетті.

Ескерту. 19-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.07.27 N 317 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2008.10.23 N 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.02.10 N 406-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.04.2015 № 311-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.


Статья 1 ...17 18 19 20 21 ...32 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасындағы кредиттiк бюролар және кредиттiк тарихты қалыптастыру туралы 2004 жылғы 6 шілдедегі N 573 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 19-бап Қазақстан Республикасындағы кредиттiк бюролар және кредиттiк тарихты қалыптастыру туралы 2004 жылғы 6 шілдедегі N 573