Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Қазақстан Республикасындағы кредиттiк бюролар және кредиттiк тарихты қалыптастыру туралы

Қазақстан Республикасындағы кредиттiк бюролар және кредиттiк тарихты қалыптастыру туралы
23-бап. Кредиттік бюроларға ақпарат берудiң жалпы шарттары



Ст. 23 Қазақстан Республикасындағы кредиттiк бюролар және кредиттiк тарихты қалыптастыру туралы 2004 жылғы 6 шілдедегі N 573




1. Осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген ақпарат берушілер мемлекет қатысатын кредиттік бюроға, сондай-ақ ақпарат беру туралы шарттар негізінде кредиттік тарих субъектісінің келісімі болған кезде, осы Заңның 25-бабының 4-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, өзге де кредиттік бюроларға ақпарат беруге міндетті.

Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген ақпарат берушілердің кредиттік бюроларға ақпарат беруінің және кредиттік есептерді алудың талаптары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалатын ақпарат беру және (немесе) кредиттік есептер алу туралы шарттармен айқындалады.

2. Алып тасталды - ҚР 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

3. Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды тiркеуді жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар кредиттік бюролармен жасалған ақпарат беру туралы шарттар негiзiнде уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен және жағдайларда кредиттiк бюроларға ақпарат бередi.

4. Берушiлер кредиттiк бюроға ақпаратты электрондық жеткiзушімен береді. Ақпаратты қағаз түрiндегі жеткізушімен беру жағдайлары кредиттік бюроның ішкі құжаттарында және олар ақпарат берушілермен жасасатын шарттарда айқындалады.

5. Ақпарат берушілер кредиттiк тарих субъектілерінің өздері туралы мәлiметтердi кредиттiк бюроларға (мемлекет қатысатын кредиттік бюроны қоспағанда) табыс етуге алған келiсiмдерін есепке алуды жүргізедi.

6. Кредиттiк тарих субъектілерiнің өздерi туралы мәлiметтердi кредиттiк бюроларға қағаз түрiндегi жеткiзушiмен табыс етуге келiсiмiн ақпарат берушi кредиттiк бюроларға олар туралы сoңғы ақпарат берiлген күннен бастап кемінде он жыл сақтауға тиiс.

Ескерту. 23-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2007.07.26 N 311, 2007.07.27 N 317 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2011.03.25 N 421-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.


Статья 1 ...21 22 23 24 25 ...32 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 23-бап Қазақстан Республикасындағы кредиттiк бюролар және кредиттiк тарихты қалыптастыру туралы 2004 жылғы 6 шілдедегі N 573