Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Қазақстан Республикасындағы кредиттiк бюролар және кредиттiк тарихты қалыптастыру туралы

Қазақстан Республикасындағы кредиттiк бюролар және кредиттiк тарихты қалыптастыру туралы
25-бап. Кредиттік тарих субъектісінің ақпарат беруге және кредиттік есепті беруге келісімін ресімдеу



Ст. 25 Қазақстан Республикасындағы кредиттiк бюролар және кредиттiк тарихты қалыптастыру туралы 2004 жылғы 6 шілдедегі N 573



1. Кредиттiк тарих субъектiсiнiң өзi туралы ақпаратты кредиттік бюроларға (мемлекет қатысатын кредиттік бюроны қоспағанда) беруге және (немесе) кредиттік бюродан кредиттiк есептi алушыға кредиттік есептi беруге келiсiмi жазбаша түрде ресiмделедi.

2. Ақпарат субъектiсiнiң - жеке тұлғаның келiсiмiн Қазақстан Республикасының нотариат туралы заңдарына сәйкес ресiмделген сенiмхат негiзiнде әрекет ететін сенiм білдiрiлген тұлға да ресiмдеуi мүмкiн.

3. Кредиттiк тарих субъектiсiнiң өзi туралы ақпаратты кредиттiк тарихты қалыптастыру үшiн кредиттiк бюроларға (мемлекет қатысатын кредиттік бюроны қоспағанда) беруге және (немесе) кредиттік бюродан кредиттiк есептi беруге, келiсiмiнiң болмағаны, сондай-ақ оның дұрыс ресiмделмегенi үшiн кредиттiк есептi беру туралы сауал салған ақпарат берушi, кредиттiк есептi алушы не олардың лауазымды адамдары Қазақстан Республикасының әкiмшілік құқық бұзушылық туралы заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.

4. Кредиттік тарих субъектісінің бұл субъект туралы теріс ақпаратты кредиттік бюроларға беруіне және кредиттік бюролардың ақпарат берушілерге кредиттік тарих субъектісі туралы теріс ақпаратты құрайтын кредиттік есептерді беруіне келісім беруі талап етілмейді.

 Ескерту. 25-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Статья 1 ...23 24 25 26 27 ...32 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 25-бап Қазақстан Республикасындағы кредиттiк бюролар және кредиттiк тарихты қалыптастыру туралы 2004 жылғы 6 шілдедегі N 573