Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Қазақстан Республикасындағы кредиттiк бюролар және кредиттiк тарихты қалыптастыру туралы
6-бап. Кредиттiк бюролар

Ст. 6 Қазақстан Республикасындағы кредиттiк бюролар және кредиттiк тарихты қалыптастыру туралы 2004 жылғы 6 шілдедегі N 573


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.04.2018
1. Мемлекет қатысатын кредиттік бюроны қоспағанда, кредиттік бюролар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құрылатын және жұмыс істейтін коммерциялық ұйымдар болып табылады. 

Акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, дауыс беретін акцияларының жүз пайызы уәкілетті органға тиесілі бір ғана мамандандырылған коммерциялық емес ұйым мемлекет қатысатын кредиттік бюро болып табылады. 

2. Алынып тасталды - ҚР 2007.07.27 N 317 Заңымен. 

3. Рұқсатты уәкілетті орган осы Заңда және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен береді. 

Мемлекет қатысатын кредиттік бюроның қызметі уәкілетті органның рұқсат беру рәсіміне жатпайды. 

4. Кредиттік бюроның атауында "кредиттік бюро" деген сөздер немесе солардан туындайтын сөздер болуға тиіс.  

Ескерту. 6-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.07.27 N 317 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2008.10.23 N 72-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.04.2015 № 311-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.03.2016 № 479-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...4 5 6 7 8 ...32

Перейти к статье






Добавить комментарий к 6-бап Қазақстан Республикасындағы кредиттiк бюролар және кредиттiк тарихты қалыптастыру туралы 2004 жылғы 6 шілдедегі N 573