Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Қазақстан Республикасындағы кредиттiк бюролар және кредиттiк тарихты қалыптастыру туралы

Қазақстан Республикасындағы кредиттiк бюролар және кредиттiк тарихты қалыптастыру туралы
7-бап. Кредиттік бюролар жүзеге асыратын қызмет түрлерi



Ст. 7 Қазақстан Республикасындағы кредиттiк бюролар және кредиттiк тарихты қалыптастыру туралы 2004 жылғы 6 шілдедегі N 573



1. Кредиттiк бюролар қызметiнiң негiзгi түрлері кредиттік тарихты қалыптастыру және кредиттік есептер беру болып табылады.

2. Кредиттік бюро қызметінің қосымша түрлеріне:

1) кредиттік тарихты қалыптастыру және оны пайдалану жүйесіне қатысушылардың қызметiн автоматтандыру үшiн пайдаланылатын мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз етудi өткiзу;

2) кредиттiк бюроның қызметiне қатысты арнаулы әдебиеттi және өзге де ақпараттық материалдарды өткiзу;

3) кредиттік тарихты қалыптастыру және оны пайдалану жүйесiне қатысушыларды ақпараттық қамтамасыз етуге байланысты консультациялық қызметтер көрсету;

4) кредиттік тарих субъектiлерiнің кредит қабілеттілiгiн олар әзiрлеген әдiстеме негiзiнде жүзеге асырылатын бағалау;

5) маркетингтік және статистикалық зерттеулер  жатады.

6) алып тасталды - ҚР 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

2-1. Мемлекет қатысатын кредиттік бюро «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сақтандыру жөніндегі дерекқор қалыптастыруды және жүргізуді жүзеге асырады.

3. Кредиттiк бюролар осы бапта көзделмеген кәсіпкерлік қызмет түрлерiн жүзеге асыруға құқылы емес.

Ескерту. 7-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.07.27 N 317 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.04.2015 № 311-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...5 6 7 8 8-1 ...32 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 7-бап Қазақстан Республикасындағы кредиттiк бюролар және кредиттiк тарихты қалыптастыру туралы 2004 жылғы 6 шілдедегі N 573