Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Кредиттiк серiктестiктер туралы
14-бап. Кредиттiк серiктестiк қатысушысының үлесiн сату тәртiбi



Ст. 14 Кредиттiк серiктестiктер туралы 2003 жылғы 28 наурыздағы N 400



1. Егер кредиттiк серiктестiктiң құрылтай құжаттарында және осы Заңда өзгеше көзделмесе, кредиттiк серiктестiк қатысушысының өз үлесiн сатуы Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.

2. Қатысушының өз үлесiн кредиттiк серiктестiктiң басқа қатысушыларына сатуына, егер ол кредиттiк серiктестiкке қатысушылар санының осы Заңда көзделген аз мөлшерден кемiп кетуiне әкеп соқпайтын болса, жол берiледi.

3. Қатысушының өз үлесiн кредиттiк серiктестiктiң басқа қатысушыларына не үшiншi тұлғаларға сату мүмкiндiгi болмаған жағдайда, өз үлесiн сатқысы келетiн қатысушы кредиттiк серiктестiкке осы үлестi сатып алу талабын қоюға құқылы.

Кредиттiк серiктестiк үлестi сатып алған жағдайда үлестiң бағасы тараптардың келiсiмiмен, ал келiсiмге келе алмаған жағдайда сот арқылы анықталады.

4. Қатысушының үлесiн сатып алғаннан кейiн кредиттiк серiктестiк басқа қатысушыларға осы үлестi жалпы жиналыстың шешiмiмен белгiленген баға бойынша сатып алуды ұсынуға мiндеттi.

Кредиттiк серiктестiк жалпы жиналыстың шешiмi бойынша бұл үлестi серiктестiктiң атынан үшiншi тұлғаларға сатуға құқылы.

5. Кредиттiк серiктестiк шығып кеткен қатысушыдан сатып алған үлестi қатысушылар не үшiншi тұлғалар сатып алынған күннен бастап алты ай iшiнде сатып алуға ниет бiлдiрмеген жағдайда, үлес кредиттiк серiктестiк жарғылық капиталының тиiсiнше азаюы арқылы өтеледi және жарғылық капитал ең төменгi деңгейден азайған жағдайда кредиттiк серiктестiк осы Заңда көзделген негiздер бойынша таратылуға жатады.

6. Егер құрылтай құжаттарында немесе тараптардың келiсiмiнде өзгеше белгiленбесе, кредиттiк серiктестiк қатысушысының осы бапта көзделген тәртiппен өз үлесiн сатуы Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген мерзiмде жүзеге асырылады.

Статья 1 ...12 13 14 15 16 ...29 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Кредиттiк серiктестiктер туралы 2003 жылғы 28 наурыздағы N 400 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 14-бап Кредиттiк серiктестiктер туралы 2003 жылғы 28 наурыздағы N 400