Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Кредиттiк серiктестiктер туралы
17-бап. Кредиттік серіктестіктердің қызметі



Ст. 17 Кредиттiк серiктестiктер туралы 2003 жылғы 28 наурыздағы N 400




1. Кредиттік серіктестіктердің, осы Заңның 18-бабында көзделген, өз қатысушыларына қызметтер көрсетуді қоспағанда, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруына тыйым салынады.

2. Кредиттік серіктестіктер өз қызметін операциялар жүргізудің жалпы шарттары туралы ережелердің, кредиттік серіктестіктің кредиттік комитеті туралы ереженің және кредиттік серіктестіктің жоғары органы - кредиттік серіктестік қатысушыларының жалпы жиналысы бекітетін ішкі ережелері негізінде жүзеге асырады.

3. Операциялар жүргізудің жалпы шарттары туралы ережелерде:

1) берілетін кредиттердің шекті сомалары мен мерзімдері;

2) кредиттер бойынша сыйақы ставкаларының шекті шамалары;

3) қатысушыларға операциялар жүргізу үшін шекті ставкалар мен тарифтер;

4) кредиттік серіктестіктің және оның клиенттерінің құқықтары мен міндеттері, олардың жауапкершілігі;

5) кредиттік серіктестік қабылдайтын қамтамасыз етуге қойылатын талаптар;

6) өзге де шарттар болуға тиіс.

4. Кредиттік серіктестіктің ішкі ережелерінде:

1) құрылымдық бөлімшелердің құрылымы, міндеттері, функциялары мен өкілеттіктері;

2) құрылымдық бөлімшелер басшыларының құқықтары мен міндеттері;

3) кредиттік серіктестіктің лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерінің кредиттік серіктестіктің атынан және оның есебінен мәмілелерді жүзеге асырған кездегі өкілеттіктері айқындалуға тиіс.

5. Кредиттік серіктестіктің кредиттік комитеті туралы ережеде:

1) кредиттік комитеттің құрылымы, міндеттері, функциялары мен өкілеттіктері;

2) кредиттік комитет мүшелерінің жауапкершілігі;

3) кредиттік шарттарды бекіту рәсімі;

4) кредиттік серіктестіктің жоғары және атқарушы органдарының, сондай-ақ оның лауазымды тұлғаларының қарыз мөлшеріне қарай оны беру туралы шешім қабылдау жөніндегі өкілеттіктері айқындалуға тиіс.

Ескерту. 17-бап жаңа редакцияда  - ҚР 2005.12.23 N 107 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.


Статья 1 ...15 16 17 18 19 ...29 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Кредиттiк серiктестiктер туралы 2003 жылғы 28 наурыздағы N 400 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 17-бап Кредиттiк серiктестiктер туралы 2003 жылғы 28 наурыздағы N 400