Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Кредиттiк серiктестiктер туралы

Кредиттiк серiктестiктер туралы
18-бап. Кредиттік серіктестік жүзеге асыратын операциялар



Ст. 18 Кредиттiк серiктестiктер туралы 2003 жылғы 28 наурыздағы N 400



1. Кредиттік серіктестік өзінің қатысушылары үшін ұлттық валютамен мынадай операцияларды:

1) аудару операцияларын: төлемдер және ақша аударымы жөніндегі тапсырмаларды орындау;

2) қарыз операцияларын: ақы төлеу, мерзімділік және қайтарымдылық талаптарына сәйкес ақшалай нысанда кредиттер беру;

3) кредиттік серіктестік қатысушыларының төлем құжаттарын (вексельдерді қоспағанда) инкассоға қабылдау;

4) аккредитивті ашу (ұсыну) мен растау және ол бойынша міндеттемелерді орындау;

5) сейфтік операцияларды: сейф жәшіктерін, шкафтар мен үй-жайларды жалға беруді қоса алғанда, құжаттамалық нысанда шығарылған бағалы қағаздарды, құжаттар мен құндылықтарды сақтау жөніндегі қызметтерді;

6) лизинг қызметін жүзеге асыру;

7) кредиттік серіктестік қатысушыларының банк шоттарын ашу және жүргізу;

8) кредиттік серіктестіктің қатысушылары үшін Операцияларды жүргізудің жалпы шарттары жөніндегі ережелерде көзделген сомалар шегінде ақшалай нысанда орындауды көздейтін кепілдіктер, кепілгерлік және өзге де міндеттемелер беру;

9) факторингтік операцияларды: тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) кредиттік серіктестік қатысушысынан, сатып алушыдан төлемеу тәуекелін қабылдай отырып, төлемді талап ету құқығын сатып алуды;

10) кассалық операцияларды: осы тармақта көзделген операцияларды жүзеге асыру кезінде қолма-қол ақшаны қабылдау және беруді жүзеге асыруға құқылы.

2. Кредиттік серіктестік өз мүлкін пайдаланумен байланысты кіріс алуға құқылы.

3. Кредиттік серіктестік инвестициялық қызметті жүзеге асыруға құқылы.

Ескерту. 18-бап жаңа редакцияда  - ҚР 2005.12.23 N 107 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

Статья 1 ...16 17 18 19 20 ...29 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 18-бап Кредиттiк серiктестiктер туралы 2003 жылғы 28 наурыздағы N 400