Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Кредиттiк серiктестiктер туралы

Кредиттiк серiктестiктер туралы
21-бап. Кредиттiк серiктестiк жүргiзетiн операциялардың құпиясы



Ст. 21 Кредиттiк серiктестiктер туралы 2003 жылғы 28 наурыздағы N 400



1. Кредиттiк серiктестiк жүргiзетiн операциялар туралы мәлiметтер коммерциялық құпияға жатады және оған қатысушылардың ең төменгi мөлшерден асатын мiндеттi салымдары мен қосымша жарналары туралы, қарыз алушылар туралы, кредиттiк серiктестiктiң операциялары туралы мәлiметтер (операцияларды жүргiзудiң жалпы шарттарын қоспағанда), сондай-ақ кредиттiк серiктестiктiң сейф жәшiктерiнде, шкафтары мен үй-жайларында сақтауда тұрған мүліктiң иелерi, олардың болуы, сипаты және құны туралы мәлiметтер жатады.

2. Кредиттiк серiктестiктер жүргiзiлетiн операциялар жөнiндегi құпияға, сондай-ақ кредиттiк серiктестiктiң сейф жәшiктерiнде, шкафтары мен үй-жайларында сақтауда тұрған мүлiктiң құпиялылығына кепiлдiк бередi.

3. Кредиттiк серiктестiктiң қатысушылары және өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн жүзеге асыру барысында кредиттiк серiктестiк жүргiзетiн операциялардың құпиясын құрайтын мәлiметтерге рұқсат алған өзге де тұлғалар оларды жария еткенi үшiн, осы баптың 4-7-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, заңдарда көзделген жауаптылықта болады.

4. Кредиттiк серiктестiк жүргiзетiн операциялардың құпиясы тек мүлiктiң иесiне ғана, оның өзiнiң қатысуы кезiнде берген жазбаша келiсiмi негiзiнде кез келген үшiншi тұлғаға, сондай-ақ осы баптың 5-7-тармақтарында аталған тұлғаларға осы бапта көзделген негiздер бойынша және шектерде ашылуы мүмкiн.

5. Қарыз алушылар, клиенттер және кредиттiк серiктестiк жүргiзетiн операциялар туралы анықтамалар, сондай-ақ банк шоттары, кредиттiк серiктестiктiң сейф жәшiктерiнде, шкафтары мен үй-жайларында сақтауда тұрған мүлiктiң сипаты және құны туралы мәлiметтер:

1) анықтау және алдын ала тергеу органдарына: бiрiншi басшы немесе тергеушi қол қойған, анықтау немесе алдын ала тергеу органының мөрiмен расталған және прокурор санкция берген жазбаша сауал салу негiзiнде кредиттiк серiктестiктiң сақтауында тұрған иесiнiң ақшасына және өзге де мүлкiне тыйым салынуы, олар өндiрiп алынуы немесе мүлiктi тәркiлеу қолданылуы мүмкiн жағдайларда олар жүргiзiп жатқан қылмыстық iстер бойынша;

2) соттарға: кредиттiк серiктестiктiң сақтауында тұрған иесiнiң ақшасына және өзге де мүлкіне тыйым салынуы, өндiрiп алынуы немесе мүлікті тәркiлеу қолданылуы мүмкiн жағдайларда соттың ұйғарымы, қаулысы, шешiмi, үкiмi негiзiнде олар жүргiзiп жатқан iстер бойынша;

2-1) әділет органдарына және жеке сот орындаушыларына: әділет органының мөрімен немесе жеке сот орындаушысының мөрімен расталған, сот орындаушысының сот санкциялаған қаулысы негізінде өздері жүргізіп жатқан атқарушылық іс жүргізу істері бойынша;

3) прокурорға: оның құзыретi шегiнде тексеру жүргiзу туралы қаулы негiзiнде оның қарауында жатқан материал бойынша;

4) кредиттiк серiктестiк қатысушысының өкiлдерiне: нотариат куәландырған сенiмхат негiзiнде берiледi.

6. Иесi қайтыс болған жағдайда банк шоттары, сондай-ақ кредиттiк серiктестiктiң сейф жәшiктерiнде, шкафтары мен үй-жайларында сақтауда тұрған мүлiктiң болуы, сипаты және құны туралы мәлiметтер:

1) шот (мүлiк) иесiнiң өсиет хатында аталған адамдарға;

2) соттарға және нотариат кеңселерiне: олар жүргiзiп жатқан мұрагерлiк iстер бойынша;

3) шетелдiк консулдық мекемелерге: олар жүргiзiп жатқан мұрагерлiк iстер бойынша берiледi.

7. Кредиттiк серiктестiк жүргiзетiн операциялардың құпиясын құрайтын мәлiметтер оның сауал салуы бойынша уәкiлеттi органға да берiлуi мүмкiн.

Ескерту. 21-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.06.22 N 147, 2010.04.02 N 262-IV (2010.10.21 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

Статья 1 ...20 20-1 21 22 28 29 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 21-бап Кредиттiк серiктестiктер туралы 2003 жылғы 28 наурыздағы N 400