Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Кредиттiк серiктестiктер туралы

Кредиттiк серiктестiктер туралы
9-бап. Кредиттiк серiктестiк қатысушылары жалпы жиналысының кворумы және онда дауыс беру



Ст. 9 Кредиттiк серiктестiктер туралы 2003 жылғы 28 наурыздағы N 400



1. Жалпы жиналыс, егер оған кредиттiк серiктестiк қатысушыларының кемiнде елу процентi қатысса, заңды деп танылады. Күн тәртiбiне енгiзiлген мәселе жөнiндегi шешiм қатысушылардың айқын басым көпшiлiгiмен немесе бiрауыздан қабылдануға тиiс болатын жағдайда, егер оған барлық қатысушылардың кемiнде үштен eкici қатысса, жиналыс шешiм қабылдауға құқылы.

2. Алынып тасталды - ҚР 2005.12.23 N 107 Заңымен.

3. Жалпы жиналыста шешiмдер жалпы жиналысқа қатысушылардың жай көпшiлiк даусымен қабылданады.

4. Жалпы жиналыста жарғыны бекiту және оған өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу, сондай-ақ кредиттiк серiктестiктi қайта ұйымдастыру немесе тарату мәселелерi бойынша шешiмдер, егер кредиттiк серiктестiк жарғысы оларды қабылдау үшiн көп дауыс санын немесе бiрауыздан қабылдауды талап етпесе, жиналысқа барлық қатысушылардың үштен екi айқын басым көпшiлiгi даусымен қабылданады.

Ескерту. 9-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2005.12.23 N 107 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

Статья 1 ...7 8 9 10 11 ...29 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 9-бап Кредиттiк серiктестiктер туралы 2003 жылғы 28 наурыздағы N 400