Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Шаруа немесе фермер қожалығы туралы
10-бап. Шаруа немесе фермер қожалығының жep пайдалану жөнiндегi құқықтары



Ст. 10 Шаруа немесе фермер қожалығы туралы 1998 жылғы 31 наурыздағы N 214



1. Шаруа немесе фермер қожалығының:  

1) жердi ауыл шаруашылық өнiмдерiн өндiру мақсатында пайдалана отырып, онда дербес шаруашылық жүргiзуге;  

2) ауыл шаруашылығы дақылдары мен өзге де екпе-көшеттердi егу мен отырғызуға, жер учаскесiн пайдалану нәтижесiнде өндiрiлiп алынған ауыл шаруашылық өнiмiн және оны сатудан түскен табысты меншiктенуге;  

3) жер учаскесiнде бар құм, саз, қиыршық тас және басқа да көп кездесетiн пайдалы қазбалар, шымтезек, орман алқаптары, жер үстi және жер асты суларын өз шаруашылығының мұқтаждары үшiн белгiленген тәртiпте пайдалануға, сондай-ақ жердiң өзге де пайдалы қасиеттерiн кәдеге жаратуға;  

4) жер учаскесi мемлекет мұқтажы үшiн мәжбүрлеп иеліктен шығарылған жағдайда шығындардың толық көлемде өтелуiне;  

5) жердi аймақтарға бөлуге сәйкес құндылығы төмен алқаптарда шаруашылық қажеттерi үшiн, жер учаскесiнiң нысаналы пайдалану мақсатына қайшы келмейтiн өндiрiстiк, тұрмыстық және өзге де үйлердi (құрылыстарды, ғимараттарды) меншiк құқығымен тұрғызуға;  

6) жердi суландыру, құрғату және өзге де мелиорациялық жұмыстарды жүргiзуге, белгiленген құрылыс, экологиялық, санитарлық-гигиеналық және өзге де арнайы талаптарға сай келетiн тоғандар мен өзге де суаттарды сатуға құқығы бар.  

2. Уақытша жер пайдалану кезiнде осы баптың 1-тармағының 2), 3), 5) және 6) тармақшаларында көзделген өкiлеттiктерге шартпен шектеу жасалуы мүмкiн.  

3. Шаруа немесе фермер қожалығына бекiтiлiп берiлген жер учаскесiнде аң аулауға, балық аулауға, дәрiлiк шөп, жидек, саңырауқұлақ және басқа да табиғат өнiмдерiн жинау мен өзге де қызметке осы шаруашылық басшысының келiсiмiмен ғана рұқсат берiледi.  

4. Шаруа немесе фермер қожалығы өз өнiмiн дербес пайдаланады, оны iшкi және сыртқы рыноктарда сатады.

Ескерту. 10-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2003.12.29 N 512, 2009.07.10 N 180-IV, 2011.03.24 N 420-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...8 9 10 11 12 ...21 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Шаруа немесе фермер қожалығы туралы 1998 жылғы 31 наурыздағы N 214 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 10-бап Шаруа немесе фермер қожалығы туралы 1998 жылғы 31 наурыздағы N 214