Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Шаруа немесе фермер қожалығы туралы
13-бап. Шаруа немесе фермер қожалығындағы еңбек



Ст. 13 Шаруа немесе фермер қожалығы туралы 1998 жылғы 31 наурыздағы N 214



1. Шаруа немесе фермер қожалығындағы жұмыстарды орындауға еңбек шарты бойынша жұмыс iстейтiн азаматтар тартылуы мүмкiн.  

2. Шаруа немесе фермер қожалығында жалдау туралы шарт жасасу тәртiбi Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен белгiленедi.  

3. Шаруа немесе фермер қожалығының мүшелерi мен қожалықта еңбек шарты бойынша жұмыс iстейтiн азаматтар Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген барлық құқықтарды пайдаланады.  

4. Шаруа немесе фермер қожалығының басшысы Қазақстан Республикасының тиiстi әлеуметтiк сақтандыру, сондай-ақ еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау органдарында өзiнiң тұрғылықты жерi бойынша сақтандырушы ретiнде тiркеледi және Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына және басқа органдарға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз табысынан белгiленген тәртiппен қаржы енгiзедi.  

5. Шаруа немесе фермер қожалығында жұмыс iстеген уақыт еңбек кiтапшасы не Қазақстан Республикасының Зейнетақы қорына 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн жүзеге асырылған сақтандыру жарналарының төленгенiн растайтын құжаттар негiзiнде жалпы және үздiксiз жұмыс стажына есептеледi.  

6. Шаруа немесе фермер қожалықтарының мүшелерiне, сондай-ақ жалданып жұмыс iстеген азаматтарға зейнетақы тағайындау мен төлеу Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарында белгiленген тәртiп пен шарттар бойынша жүргiзiледi.

Ескерту. 13-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.01.10. N 116 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2007.05.15. N 253 Заңдарымен.

Статья 1 ...11 12 13 14 15 ...21 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Шаруа немесе фермер қожалығы туралы 1998 жылғы 31 наурыздағы N 214 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 13-бап Шаруа немесе фермер қожалығы туралы 1998 жылғы 31 наурыздағы N 214