Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Шаруа немесе фермер қожалығы туралы

Шаруа немесе фермер қожалығы туралы
20-бап. Шаруа немесе фермер қожалығының қызметiн тоқтатудың ережелерi мен тәртiбi



Ст. 20 Шаруа немесе фермер қожалығы туралы 1998 жылғы 31 наурыздағы N 214



1. Егер қожалықтың қызметiн жалғастырғысы келетiн бiрде-бiр қожалық мүшесi, мұрагер немесе басқа адам қалмаса, сондай-ақ банкрот болған және жер учаскесiне жеке меншiк құқығы немесе жер пайдалану құқығы тоқтатылған жағдайларда шаруа немесе фермер қожалығының қызметi тоқтатылады.  

2. Шаруа немесе фермер қожалықтарының қызметi тоқтатылған кезде ортақ мүлiктi бiрлескен меншiкке қатысушылар арасында бөлу, сондай-ақ олардың бiреуiне үлес бөлiп беру ортақ мүлiк құқығындағы әрбiр қатысушылардың үлесi алдын ала анықталған жағдайда жүзеге асырылуы мүмкiн.  

3. Үлестiк меншiктегi мүлiк оған қатысушылар арасында бiр-бiрiмен келiсiм бойынша бөлiнуi мүмкiн.  

4. Шаруа немесе фермер қожалығының қызметiн тоқтату кезiнде мүлiктi, жер учаскесiн және жер пайдалану құқығын бөлудiң шарттары мен тәртiбi Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасымен реттеледi. 

5. Шаруа немесе фермер қожалығының қызметiн жүзеге асыру нәтижесiнде туатын мүлiктiң,  жер даулары мен өзге де даулар сот тәртiбiмен қаралады.

Ескерту. 20-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2003.12.29 N 512, 2011.03.24 N 420-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...18 19 20 21 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 20-бап Шаруа немесе фермер қожалығы туралы 1998 жылғы 31 наурыздағы N 214