Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Мәдениет туралы

Мәдениет туралы
28-2-бап. Фильмге прокаттау куәлігін беру



Ст. 28-2 Мәдениет туралы 2006 жылғы 15 желтоқсандағы N 207



1. Қазақстан Республикасында шығарылған, сондай-ақ фильмге прокаттау куәлігін алу мақсатында Қазақстан Республикасына прокаттау және көпшілікке көрсету (демонстрациялау) үшін әкелінген (жеткізілген) фильмдер, фестивальдерде, семинарларда, ретроспективада және басқа да іс-шараларда демонстрациялау үшін әкелінетін (жеткізілетін) фильмдерді қоспағанда, Фильмдердің мемлекеттік тізілімінде тіркеледі.

Бұл талап бұрынғы КСРО-ның кинематографиялық ұйымдары шығарған фильмдерге қолданылмайды.

Фильмге прокаттау куәлігі — фильм туралы техникалық мәліметтер, фильмнің жасаушылары, индексі мен жанры туралы ақпарат көрсетілетін, оны прокаттауға негіз болатын құжат.

2. Фильмге прокаттау куәлігін беру уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша жүзеге асырылады.

3. Фильмге прокаттау куәлігін алу үшін өтініш беруші:

1) уәкілетті орган басшысының атына өтінішті;

2) өтініш берушінің фильмге немесе оны пайдалануға құқығын растайтын құжаттарды; шет тіліндегі құжаттарға қазақ және (немесе) орыс тілдерінде нотариат куәландырған көшірмесі қоса беріледі;

3) фильмнің аннотациясын;

4) отандық немесе бірлесіп түсірілген фильмдерде пайдаланылатын туындылар туралы мәліметтерді ұсынуы қажет.

4. Фильмге прокаттау куәлігін алуға өтініш түскен күнінен бастап жеті жұмыс күні ішінде қарауға жатады. Өтінішті қарау қорытындылары бойынша уәкілетті орган өтініш берушіге фильмді прокаттау куәлігін береді.

5. Уәкілетті орган өтініш берушіге фильмді прокаттау куәлігін беруден мынадай негіздер бойынша:

1) өтініш беруші дәйексіз немесе бұрмаланған ақпарат берсе;

2) өтініш беруші осы баптың 3-тармағының талаптарына сай келмейтін құжаттарды табыс етсе;

3) фильмнің мазмұны Республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді, оның тұтастығын бұзуды, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді, ұлттық араздықты қоздыруды насихаттауға немесе үгіттеуге бағытталған жағдайда, бас тартуы мүмкін.

6. Фильмге прокаттау куәлігін беру үшін бұдан бұрын негіз болған фильм туралы ақпараттың дәйексіздігі және (немесе) бұрмаланғандығы анықталған жағдайда, уәкілетті орган фильмді прокаттау куәлігін сот тәртібімен кері қайтарып алуға құқылы.

 Ескерту. Заң 28-2-баппен толықтырылды - ҚР 2010.05.27 N 280-IV (2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен, өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2015 № 368-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...28 28-1 28-2 28-3 28-4 ...40 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 28-2-бап Мәдениет туралы 2006 жылғы 15 желтоқсандағы N 207