Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Мәдениет туралы

Мәдениет туралы
28-3-бап. Фильмдердің индекстері



Ст. 28-3 Мәдениет туралы 2006 жылғы 15 желтоқсандағы N 207



1. Қазақстан Республикасында шығарылған барлық фильмдер мен Қазақстан Республикасының аумағына прокаттау және көпшілікке демонстрациялау мақсатымен әкелінетін (жеткізілетін) фильмдер көрермендердің жас шегіне карай индекстеледі.

Фильмдердің мынадай индекстері белгіленеді:

1) "К" — әртүрлі жастағы көрермендерге арналған фильмдер;

2) "БА" — он екі жасқа толған балаларға көрсетуге рұқсат берілген фильмдер;

3) "Б14" — он төрт жасқа дейінгі балаларға ата-аналарымен бірге көруге ұсынылатын фильмдер;

4) "Е16" — он алты жасқа дейінгі көрермендерге ата-аналарымен бірге көруге ұсынылатын фильмдер;

5) "Е18" — он сегіз жастан асқан көрермендерге арналған фильмдер;

6) "НА" — жиырма бір жасқа толған көрермендерге ғана арналған фильмдер.

2. «НА» индексті фильмнің жариялы көрсетіліміне (демонстрациясына) жергiлiктi уақытпен сағат 22-ден кейін таңғы сағат 06-ға дейiн осы мақсаттарға арналған кинозалдар мен өзге орындарда жол берiледi.

Телеарналарда (шетелдік телеарналарды қоспағанда) «Е 18» индексті фильмдi – жергiлiктi уақытпен сағат 22-ден кейін таңғы сағат 06-ға дейiн, «НА» индексті фильмдi жергiлiктi уақытпен сағат нөлден таңғы сағат 06-ға дейiн көрсетуге жол берiледi.

3. Фильмге прокаттау куәлiгiн алған және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағында фильмдер прокатын жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар көрермендi фильмнiң индексi туралы хабардар етуге мiндеттi.

4. Фильмнің индексі туралы ақпарат Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын талаптарға сәйкес көрсетілуге және тұтынушылар үшін қолжетімді болуға тиіс.

 Ескерту. Заң 28-3-баппен толықтырылды - ҚР 2010.05.27 N 280-IV (2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен, өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі),  2012.01.18 N 546-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...28-1 28-2 28-3 28-4 28-5 ...40 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 28-3-бап Мәдениет туралы 2006 жылғы 15 желтоқсандағы N 207