Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Мәдениет туралы
28-6-бап. Фильмдердің және киношежіренің бастапқы материалдарын сақтау



Ст. 28-6 Мәдениет туралы 2006 жылғы 15 желтоқсандағы N 207



1. Мемлекет ұлттық фильмдерді, бірлесіп түсірілген фильмдерді және киношежірені, оның ішінде ұлттық мәдени игіліктің ажырамас бөлігі ретінде ұлттық фильмдердің және киношежіренің бастапқы материалдарын сақтауға бағытталған іс-шаралар кешенін жүзеге асырады.

2. Ұлттық фильмдердің бастапқы материалдары Фильмдердің мемлекеттік қорына тұрақты сақтауға беріледі.

3. Қазақстан Республикасының аумағына көшірмесін жасау, таралымын көбейту, прокаттау және көрсету үшін әкелінетін (жеткізілетін) бірлесіп түсірілген фильмдердің бастапқы материалдары да Фильмдердің мемлекеттік қорына тұрақты сақтауға беріледі.

4. Фильмдердің мемлекеттік коры ұлттық фильмдердің, Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін (жеткізілетін) бірлесіп түсірілген фильмдердің бастапқы материалдарын сақтау кезінде фильмдердің бастапқы материалдарына олардың құқық иелерінің еркін және өтеусіз қол жеткізуін қамтамасыз етеді.

5. Киношежіренің бастапқы материалдары Кино-фотоқұжаттар мен дыбыс жазбаларының орталық мемлекеттік мұрағатына тұрақты сақтауға беріледі, ол киношежіренің бастапқы материалдарына олардың құқық иелерінің еркін және өтеусіз қол жеткізуін қамтамасыз етеді.

6. Негатив, контратип, бейне негативі, фонограмма негативі, эталонды көшірме, қондыру роликтері, паспорттары мен олардың жазбалары, фильмнің бақылау көшірмесі, қайта жазбалардың, музыканың, шулардың магнитті фонограммаларының түпнұсқасы, бейнефонограмма-мастер, компакт-диск және фильмнің кез келген материалдық нысандағы таралымын көбейту үшін қажетті өзге де материалдар фильмнің және киношежіренің бастапқы материалдарына жатады.

 Ескерту. Заң 28-6-баппен толықтырылды - ҚР 2010.05.27 N 280-IV (2010.12.03 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Статья 1 ...28-4 28-5 28-6 29 30 ...40 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Мәдениет туралы 2006 жылғы 15 желтоқсандағы N 207 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 28-6-бап Мәдениет туралы 2006 жылғы 15 желтоқсандағы N 207