Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 28 Мәдениет туралы 2006 жылғы 15 желтоқсандағы N 207


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 06.07.2018

Мәдениет туралы
28-бап. Кинематография

1. Кинематография - фильмді жасауға, сақтауға және прокаттауға бағытталған шығармашылық, ғылыми, өндірістік, білім беру қызметі түрлерін біріктіретін мәдениет саласы. 

2. Кинематографиядағы мемлекеттік саясаттың басымдықтары: 

1) киношежіре мен ұлттық, оның ішінде балалар мен жасөспірімдерге арналған фильмдер жасау; 

2) кинематографияның материалдық-техникалық базасын сақтау және дамыту;  

3) шетелдік фильмдерге қарағанда ұлттық фильмдерді шығаруға, олардың таралымын көбейтуге және прокаттауға басым жағдайлар жасау;  

4) кинофестивальдер және басқа да іс-шаралар өткізу;  

5) халықаралық кинематографистер ұйымдарына, сондай-ақ фестивальдер мен конкурстарға қатысу және өкілдік ету болып табылады. 

3. Қазақстан Республикасындағы кино өндірісінің негізін кинематографиялық ұйымдар құрайды. 

Ескерту. 28-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.05.27 N 280-IV (2010.12.03 бастап қолданысқа енгізіледі); 05.05.2017 № 60-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...26 27 28 28‑1 28‑2 ...40

Перейти к статье






Добавить комментарий к 28-бап Мәдениет туралы 2006 жылғы 15 желтоқсандағы N 207