Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Мәдениет туралы

Мәдениет туралы
30-бап. Халық көркем шығармашылығы



Ст. 30 Мәдениет туралы 2006 жылғы 15 желтоқсандағы N 207



1. Халық көркем шығармашылығы - халық көркем шығармашылығы шеберлерінің шығармашылық қол еңбегі және (немесе) механикаландырылған еңбегі процесінде белгілі бір жерде халық өнері дәстүрлерін ұжымдасып игеру және сабақтастықпен дамыту негізінде жүзеге асырылатын халық шығармашылығы нысандарының бірі, әсемдік мақсаттағы көркем бұйымдар жасау жөніндегі қызмет.

2. Бұйымдарды халық көркем шығармашылығы бұйымдарына жатқызу халық көркем шығармашылығы жөніндегі көркемдік-сарапшылық кеңестердің қорытындылары негізінде жүзеге асырылады.

3. Халық көркем шығармашылығы саласындағы қызметті жүзеге асырушы жеке және заңды тұлғалардың құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген тәртіппен қорғалады.

Статья 1 ...28-6 29 30 31 32 ...40 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 30-бап Мәдениет туралы 2006 жылғы 15 желтоқсандағы N 207