Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Мәдениет туралы
33-бап. Ұлттық мәдени игілік объектілерін есепке алу және жүйелеу



Ст. 33 Мәдениет туралы 2006 жылғы 15 желтоқсандағы N 207




1. Мәдени мұраны сақтау мақсатында:

1) осы Заңның 32-бабының 2-тармағында көрсетілген және ел тарихы мен мәдениеті үшін ерекше маңызы бар объектілер Ұлттық мәдени игілік объектілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізіледі;

2) осы Заңның 32-бабының 3-тармағында көрсетілген және ел тарихы мен мәдениеті үшін ерекше маңызы бар объектілер Материалдық емес мәдени мұра элементтерінің ұлттық тізбесіне енгізіледі.

2. Мәдени құндылықтарды зерделеумен айналысатын жеке және заңды тұлғалар Ұлттық мәдени игілік объектілерінің мемлекеттік тізіліміне және Материалдық емес мәдени мұра элементтерінің ұлттық тізбесіне енгізілуге жататын объектілер туралы мәліметтерді уәкілетті органға беруге міндетті. Жаңа объектілер мен заттардың анықталуына қарай қажетті мәліметтері бар ақпарат ұсынылады.

 Ескерту. 33-бап жаңа редакцияда - ҚР 28.10.2015 № 368-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).


Статья 1 ...31 32 33 34 35 ...40 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Мәдениет туралы 2006 жылғы 15 желтоқсандағы N 207 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 33-бап Мәдениет туралы 2006 жылғы 15 желтоқсандағы N 207