Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Мәдениет туралы

Мәдениет туралы
34-бап. Ұлттық-мәдени игілік объектілерінің ерекше режимі



Ст. 34 Мәдениет туралы 2006 жылғы 15 желтоқсандағы N 207



1. Кешенді түрде ерекше көркемдік немесе тарихи мүдделілік туғызатын коллекцияларды немесе заттар жиынын бөлшектеуге болмайды.

 Мемлекеттік тізілімге енгізілген ұлттық-мәдени игілік объектілерін уәкілетті органның әрбір нақты объект бойынша өзі құратын сарапшы комиссиясының ұсынымы негізінде беретін арнайы рұқсатынсыз жоюға, басқа жерге ауыстыруға, өзгертуге, түрлендіруге немесе реставрациялауға жол берілмейді.

2. Ұлттық-мәдени игілік объектілерін тарихи, көркемдік және діни мақсатына сай емес қандай да бір тұрғыда пайдалануға жол берілмейді. Діни-табыну ұйымдарына тиесілі және ұлттық-мәдени игілік объектілері болып табылатын заттар олардың табынушылық мақсаты ескеріле отырып пайдаланылуы мүмкін.

3. Ұлттық-мәдени игілік объектілерінің айрықша режимі авторлық құқық және сабақтас құқықтар объектілеріне қолданылмайды.

4. Сәулет ескерткіштерін пайдаланудың басым құқығы мәдениет мекемелеріне тиесілі.

5. Ұлттық-мәдени игілік объектілерінің жай-күйін тиісінше ұстап тұру және сақтау жөніндегі міндеттер оларды пайдаланушыларға немесе меншік иелеріне жүктеледі. Аталған міндеттің сақталмауы берілген құқықты сот тәртібімен өтемді негізде алып қоюға әкеліп соғады. Меншік иелерінің немесе пайдаланушылардың ұлттық-мәдени игілік объектілерін күтіп-ұстауға материалдық немесе өзге де мүмкіндіктері болмаған кезде, шығыстарды мемлекет өзіне алады.

Ұлттық-мәдени игілік объектісі меншік иесінің құқықтарын іске асыру, Қазақстан Республикасының ұлттық-мәдени игілік объектілері сатылған жағдайда, оларды мемлекет иеленуінің басым құқығы көзделіп, Қазақстан Республикасының заңында белгіленген бақылаумен және тәртіппен жүзеге асырылады.

6. Мемлекет меншігіндегі ұлттық-мәдени игілік объектілері иеліктен шығаруға жатпайды.

7. Ұлттық-мәдени игілік объектілері мен заттарын қасақана жойғаны, бұзғаны немесе бүлдіргені үшін жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жауаптылықта болады.

 Ескерту. 34-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.03.01 N 414-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Статья 1 ...32 33 34 35 36 ...40 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 34-бап Мәдениет туралы 2006 жылғы 15 желтоқсандағы N 207