Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Мәдениет туралы
36-бап. Мәдени құндылықтарды уақытша әкету тәртібі мен шарттары



Ст. 36 Мәдениет туралы 2006 жылғы 15 желтоқсандағы N 207




1. Осы Заңның 32-бабының 2-тармағында көрсетілген мәдени құндылықтарды уақытша әкетуді заттардың меншік иесі не меншік иесі оған уәкілеттік берілген тұлға облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары беретін мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік негізінде жүзеге асыруы мүмкін.

Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлікті беруден бас тартуға:

1) әкетілетін мәдени құндылықтарды реставрациялау мақсатында уақытша әкету жағдайларын қоспағанда, олардың қанағаттанарлықсыз физикалық жай-күйі;

2) мәдени құндылықтардың халықаралық және (немесе) мемлекеттік іздестіруде болуы;

3) мәдени құндылықтардың осы Заңның 35-бабының 1-тармағында көрсетілген уақытша әкету мақсаттарына сәйкес келмеуі негіздер болып табылады.

2. Заңды тұлғалар мәдени құндылықтарды уақытша әкетуі кезінде олардың әкетілетін заттарға меншік құқығы құжаттамамен расталуы қажет.

3. Мәдени құндылықтарды уақытша әкету, сондай-ақ олардың қайтарылуы мәдени құндылықтарды уақытша әкету жөнiндегi сараптама комиссиясы жүзеге асыратын сараптама негiзiнде жүзеге асырылады.

4. Алып тасталды - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

5. Мәдени құндылықтардың елден тысқары жерлерде болу мерзімі алты айдан асуы мүмкін емес.

6. Алып тасталды - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

 Ескерту. 36-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.06.30 N 297-IV(2010.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2015 № 368-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 
7-тарау. МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ


Статья 1 ...34 35 36 37 38 ...40 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Мәдениет туралы 2006 жылғы 15 желтоқсандағы N 207 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 36-бап Мәдениет туралы 2006 жылғы 15 желтоқсандағы N 207