Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Мәдениет туралы

Мәдениет туралы
7-бап. Уәкілетті органның құзыреті



Ст. 7 Мәдениет туралы 2006 жылғы 15 желтоқсандағы N 207



 Уәкілетті орган:

1) Қазақстан Республикасы халқы мәдениетінің дамуы үшін жағдайлар жасайды;

1-1) мәдениет саласында жергiлiктi атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдiстемелiк басшылық жасауды жүзеге асырады;

2) мәдениет саласында ғылыми бағдарламалар әзірлейді, бекітеді және іске асырады;

3) өз құзыреті шегінде мәдениет мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді, бекітеді;

4) алынып тасталды - ҚР 13.01.2014 N 159-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

5) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);

6) Қазақстан Республикасының аумағында мәдени құндылықтарды есепке алу, қорғау, консервациялау, реставрациялау және пайдалану жөніндегі, сондай-ақ елдің көрнекті мәдениет қайраткерлерін мәңгі есте қалдыру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады;

6-1) Ұлттық мәдени игілік объектілерінің мемлекеттік тізілімін және Материалдық емес мәдени мұра элементтерінің ұлттық тізбесін жүргізеді;

7) театр, музыка өнерін, кинематографияны, кітапхана және музей ісін дамыту жөніндегі республикалық маңызы бар мемлекеттік мәдениет ұйымдарының қызметін қолдайды және үйлестіреді, мәдениет саласындағы республикалық мемлекеттік мекемелердің қызметін қамтамасыз етеді;

8) мемлекеттік мәдениет ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру және тарату жөнінде ұсыныстар енгізеді;

9) мәдениет саласында әлеуметтік мәнді іс-шаралар өткізуді жүзеге асырады;

9-1) қоғамдық маңызы бар әдебиетті республикалық деңгейде басып шығаруды, сондай-ақ ұлттық фильмдер жасауды қалыптастырады, орналастырады және бақылайды;

9-2) қоғамдық маңызы бар әдебиетті басып шығару қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

10) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мәдениет және өнер қайраткерлеріне Қазақстан Республикасының құрметті атақтарын және мемлекеттiк наградаларын беру, шығармашылық ұжымдарды наградтау туралы ұсыныстар енгізеді;

10-1) алып тасталды - ҚР 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

11) көтермелеудің салалық жүйесін әзірлейді және бекітеді;

11-1) мемлекеттік мәдениет ұйымдарына, жекелеген кәсіби көркем және шығармашылық ұжымдарға «Академиялық» мәртебе берудің тәртібі мен шарттарын әзірлейді және бекітеді;

12) шығармашылық қызметтің түрлі салаларында ұлттық (республикалық) және халықаралық конкурстар мен фестивальдер, сыйлықтар мен жүлделер тағайындайды;

12-1) республикалық конкурстар мен фестивальдерді өткізудің үлгілік ережелерін әзірлейді және бекітеді;

13) алып тасталды - ҚР 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

14) мемлекеттік мәдениет ұйымдары қызметкерлерінің санаттарына үлгілік біліктілік талаптарын әзірлейді және бекітеді;

15) мемлекеттік мәдениет ұйымдары қызметкерлерін аттестаттау ережелерін бекітеді;

15-1) мемлекеттік кітапханалардың, мемлекеттік музейлер мен музей-қорықтардың тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

16) республикалық мәдениет ұйымдарын аттестаттаудан өткізеді;

17) барлық санаттағы мәдениет қызметкерлерін қайта даярлау және біліктілігін арттыру жүйесін ұйымдастырады;

18) халықаралық мәдени ынтымақтастық саласындағы қызметті жүзеге асырады және үйлестіреді;

18-1) мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың, жеке және заңды тұлғалардың ұсынысы бойынша Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының репрезентативтiк тiзiмiне және ЮНЕСКО-ның шұғыл қорғауын қажет ететiн материалдық емес мәдени мұра тiзiмiне Қазақстан халқының материалдық емес мәдени мұра элементтерін енгізу туралы өтінімдер жібереді;

19) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

20) Қазақстан Республикасының музей қорын қалыптастыру және ұстау тәртібін бекітеді;

21) салалық көркемдік кеңестер құрады және олар туралы ережелерді бекітеді;

21-1) Ұлттық мәдени игілік объектілерінің мемлекеттік тізілімін және Материалдық емес мәдени мұра элементтерінің ұлттық тізбесін жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

22) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

23) мәдени құндылықтарды уақытша әкету жөнiндегi сараптама комиссиясы туралы үлгілік ережені бекітеді;

23-1) мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру қағидаларын әзірлейді және бекiтедi;

23-2) мәдениет ұйымдары желісінің ең төмен мемлекеттік нормативтерін және облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандық, облыстық маңызы бар қалалардың, селолық деңгейлердегі мемлекеттік мәдениет ұйымдарының үлгілік штаттарын бекітеді;

23-3) фильмге прокаттау куәлігін беру тәртібін әзірлейді және бекітеді;

23-4) білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша мәдениет және өнер саласындағы білім беру ұйымдарының қызметі туралы қағидаларды әзірлейді және бекітеді;

23-5) мәдениет және өнер саласындағы барлық білім беру деңгейлерінің үлгілік оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларын білім беру саласындағы уәкілетті органмен келіседі;

23-6) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мәдениет және өнер саласындағы білім беру ұйымдарында жоғары және жоғары оқу орынынан кейінгі білімі бар, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыруға қатысады;

24) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

25) өз құзыреті шегінде республика (ауылдық, кенттік, аудандық, қалалық, облыстық, республикалық) мәдениет ұйымдарының қызметін үйлестіреді, меншік нысандарына қарамастан, мәдениет мәселелері бойынша шығармашылық одақтармен және басқа да ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;

26) талантты жастарды және перспективалы шығармашылық ұжымдарды іздестіруге және қолдауға бағытталған іс-шаралар кешенін жүзеге асырады;

27) музыка және театр өнері саласында репертуарлық саясатты үйлестіреді;

28) көркемөнерпаздар ұжымдарына "Халықтық" (үлгілі) атағын беру ережесі мен тәртібін әзірлейді және бекітеді;

29) ұлттық мәдени игілік объектілерінің айрықша режимі бойынша сарапшы комиссия құрады;

30) отандастармен мәдени байланыстардың дамуына жәрдемдеседі;

 РҚАО-ның ескертпесі!

31) тармақша 2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі - (ҚР 2010.05.27 № 280-IV Заңының 2-бабын қараңыз).

31) Фильмдердің мемлекеттік тізілімін жүргізеді;

 РҚАО-ның ескертпесі!

32) тармақша 2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі - (ҚР 2010.05.27 № 280-IV Заңының 2-бабын қараңыз).

32) фильмдерге прокаттау куәліктерін береді және оларды сот тәртібімен кері қайтарып алады;

 33) республикалық мемлекеттік мәдениет ұйымдары басшыларының, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары басшыларының мемлекеттік мәдениет ұйымдары мен жекелеген кәсіби көркем, шығармашылық ұжымдарға "Академиялық" мәртебе беру туралы ұсыныстарын қарайды және Қазақстан Республикасының Үкіметіне мемлекеттік мәдениет ұйымдары мен жекелеген кәсіби көркем, шығармашылық ұжымдарға "Академиялық" мәртебе беру туралы ұсыныстар енгізеді;

34) Қазақстан Республикасының Үкіметіне мемлекеттік мәдениет ұйымдары мен жекелеген кәсіби көркем, шығармашылық ұжымдарға "Ұлттық"  мәртебе беру туралы ұсыныстар енгізеді;

 РҚАО-ның ескертпесі!

35) тармақша 2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі - (ҚР 2010.05.27 № 280-IV Заңының 2-бабын қараңыз).

 35) фильмнің индексін айқындау критерийлерін әзірлейді және бекітеді;

35-1) тауар белгілерін, қызмет көрсету белгілерін, тауарлардың шығарылған жерлерінiң атауларын қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның сұрау салуына сәйкес Қазақстан Республикасының тарихы мен мәдениетiнiң игiлiгi болып табылатын белгiленімдерді тауар белгісі, қызмет көрсету белгісі, тауарлардың шығарылған жерлерінiң атаулары ретінде пайдалану үшін келiседi не келiсуден бас тартады;

35-2) мемлекеттік музейлерде қор-сатып алу (қор-іріктеу) комиссиясын құру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

35-3) мемлекеттік театрлар мен концерттік ойын-сауық ұйымдарының сахналық қойылым құралдарын есепке алу, беру және есептен шығару нұсқаулығын әзірлейді және бекітеді;

35-4) Қазақстан Республикасы музей қорының музей заттарын есепке алу, сақтау, пайдалану және есептен шығару нұсқаулығын әзірлейді және бекітеді;

35-5) мемлекеттік кітапханалардың кітапхана қорын есепке алу және есептен шығару жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;

35-6) мемлекеттік кітапханалардың кітапхана қорын қалыптастыру, сақтау және пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

35-7) мемлекеттік театрларға, концерттік ұйымдарға, мәдени-демалыс ұйымдарына, музейлерге және цирктерге субсидиялар төлеу қағидаларын әзірлейді және оларды жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша бекітеді;

36) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

 Ескерту. 7-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.05.27 N 280-IV (2010.12.03 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.01.12 № 537-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.01.2014 N 159-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 28.10.2015 № 368-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...5 6 7 8 9 ...40 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 7-бап Мәдениет туралы 2006 жылғы 15 желтоқсандағы N 207