Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Мәдениет туралы
8-бап. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органының құзыреті



Ст. 8 Мәдениет туралы 2006 жылғы 15 желтоқсандағы N 207



 Ескерту. 8-баптың тақырыбына өзгерту енгізілді - ҚР 2010.05.27 N 280-IV (2010.12.03 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 

Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы:

1) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

1-1) мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

2) театр, музыка және кино өнері, мәдени-демалыс қызметі, кітапхана және музей ісі саласында облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың мемлекеттік мәдениет ұйымдарын құрады, қайта ұйымдастырады, таратады, сондай-ақ олардың қызметін үйлестіруді жүзеге асырады;

3) театр, цирк, музыка және кино өнерін, мәдени-демалыс қызметі мен халық шығармашылығын, кітапхана және музей ісін дамыту бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік мәдениет ұйымдарының қызметін қолдайды және үйлестіреді, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың мәдениет саласындағы мекемелерінің қызметін қамтамасыз етеді;

4) шығармашылық қызметтің түрлі салаларында облыстық (өңірлік) байқаулар, фестивальдер және конкурстар өткізуді ұйымдастырады;

4-1) уәкілетті органмен келісім бойынша шығармашылық қызметтің түрлі салаларында республикалық конкурстар мен фестивальдер өткізуді ұйымдастыруға құқылы;

5) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мәдени құндылықтарын есепке алу, қорғау, консервациялау және реставрациялау, сондай-ақ пайдалану, елдің көрнекті мәдениет қайраткерлерін мәңгі есте қалдыру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

6) мәдени құндылықтарды уақытша әкету жөнiндегi сараптама комиссиясын құрады және ол туралы ережені бекітеді;

7) тиісті аумақта орналасқан мәдениет ұйымдарының қызметіне мониторингті жүзеге асырады және уәкілетті органға ақпарат, сондай-ақ белгіленген нысанда статистикалық есептер береді;

8) облыстық, республикалық маңызы бар қалалық және астаналық деңгейде сауықтық мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізуді жүзеге асырады;

9) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың мемлекеттік мәдениет ұйымдарын аттестаттаудан өткізеді;

10) өз құзыреті шегінде мәдениет саласындағы коммуналдық меншікті басқаруды жүзеге асырады;

10-1) уәкілетті органмен келісе отырып облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың мәдениет басқармасының басшысын тағайындайды;

11) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың мәдени мақсаттағы объектілерінің құрылысы, реконструкциясы және жөнделуі бойынша тапсырысшы болады;

12) тарихи-мәдени мұраны сақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады, тарихи, ұлттық және мәдени дәстүрлер мен салттардың дамуына ықпал жасайды;

13) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

13-1) мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік береді;

14) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік кітапханаларының біріне "Орталық" мәртебесін береді;

14-1) талантты жастарды және перспективалы шығармашылық ұжымдарды іздестіруге және қолдауға бағытталған іс-шаралар кешенін жүзеге асырады;

14-2) мәдениет саласында әлеуметтік маңызы бар іс-шаралар өткізуді жүзеге асырады;

14-3) ұлттық мәдени игілік объектілерінің айрықша режимінің сақталуын қамтамасыз етеді;

15) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Ескерту. 8-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.03.19 № 258-IV, 2010.05.27 N 280-IV (2010.12.03 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 28.10.2015 № 368-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...6 7 8 9 9-1 ...40 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Мәдениет туралы 2006 жылғы 15 желтоқсандағы N 207 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 8-бап Мәдениет туралы 2006 жылғы 15 желтоқсандағы N 207