Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Лотереялар және лотерея қызметі туралы
13-бап. Жүлде қорының ұтыс ойынын өткізуге қойылатын талаптар



Ст. 13 Лотереялар және лотерея қызметі туралы 2016 жылғы 9 сәуірдегі № 495-V ҚРЗ



 1. Жүлде қорының ұтыс ойынын өткізу осы Заңға және лотереяны өткізу шарттарына сәйкес жүзеге асырылады.

 2. Тираждық лотереяның жүлде қорының ұтыс ойынын лотереяға қатысушы өз ұтысын анықтау мақсатында генерациялау арқылы кездейсоқ ұтқан лотерея комбинациясын осы ұтыс ойынындағы лотерея комбинациясымен салыстыруға тиіс лотерея жабдығы жүзеге асырады.

 3. Тираждық лотереяның жүлде қорының ұтыс ойынын өткізу кезінде лотерея операторы тираждық комиссия құрады.

 Тираждық комиссияның құрамына қоғамдық бірлестіктердің немесе өзге де коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері енгізілуге тиіс.

 4. Тираждық комиссияның міндеттері:

 1) тираждың ұтыс ойынына қатысатын лотерея билеттерінің, түбіртектердің немесе өзге де құжаттардың және (немесе) тіркелген лотерея мөлшерлемелерінің санын растау;

 2) тиражды өткізу нәтижелерін растау.

 Тиражды өткізу нәтижелерін растау тираждық комиссия мүшелерінің тираждық комиссия хаттамасына және тиражды өткізу нәтижелерінің ресми кестесіне қол қою арқылы тіркеледі.

 5. Лотерея операторы ұтыстарды айқындау рәсімін көрсете отырып, тираждық лотереяның жүлде қорының ұтыс ойынын телеарнада тікелей эфирде немесе интернет желісінде трансляциялауды қамтамасыз етеді.

 6. Жүлде қорының әрбір ұтыс ойынын және лотерея билеттері, түбіртектер немесе өзге де құжаттар, тираждық лотереяның тіркелген лотерея мөлшерлемелері бойынша ұтыстардың нәтижелерін лотерея операторы көрсетілген ұтыс ойыны өткізілген кезден бастап үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында жариялайды немесе он екі сағат ішінде лотерея операторының интернет-ресурсында орналастырады.

 7. Тираждық лотереяны өткізу тоқтатылған жағдайда, бас жүлдені қоса алғанда, оның жүлде қоры толық ойнатылуға тиіс.

 8. Мезеттік лотереяның жүлде қорының ұтыс ойыны:

 1) лотереяға қатысушының лотерея билетін, түбіртек немесе өзге де құжатта дайындау кезеңінде оған салынған жасырын лотерея комбинациясын анықтауынан;

 2) лотереяға қатысушы анықтаған ақпаратты лотереяны өткізу шарттарымен салыстырып-тексеруден тұрады.

 9. Мезеттік лотереяның жүлде қорының мұндай ұтыс ойынын өткізу нәтижесін ұтыс ойыны басталғанға дейін алдын ала айқындауға мүмкіндік беретін рәсімдер мен алгоритмдерді пайдалануға тыйым салынады.

Статья 1 ...11 12 13 14 15 ...18 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Лотереялар және лотерея қызметі туралы 2016 жылғы 9 сәуірдегі № 495-V ҚРЗ 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 13-бап Лотереялар және лотерея қызметі туралы 2016 жылғы 9 сәуірдегі № 495-V ҚРЗ